Instruction for Use

394
Ыдыс жуғыш машинаға қалыпты ыдыс-аяқ салу əдісі
Үстіңгі себетке ыдыс салу
Үстіңгі себет стақан, кофе мен шай құятын шыныаяқтар сияқты
нəзік əрі жеңіл ыдыс-аяқты салуға, сондай-ақ тəрелкелерді,
кішкене шаралар мен жайпақ табаларды (егер тым қатты
ластанған болмаса) салуға арналған.
Тəрелкелер мен таба-кəстрөлдер су бүркіген кезде жылжып
кетпейтіндей етіп орналастырыңыз.
АСтыңғы себетке ыдыс салу
Кəстрөлдер, табалар, қақпақтар, табақтар мен шаралар сияқты
үлкен ыдысты жəне тазалануы қиын ыдыс-аяқты төмендегі
суретте көрсетілгендей астыңғы себетке салуды ұсынамыз.
Табақтар мен қақпақтарды үстіңгі бүріккіш түтіктің айналуына
кедергі жасамау үшін сөренің бүйір жақтарына қойған дұрыс.
Мыналар есіңізде болсын:
Кəстрөл, шаралар т.с.с. заттарды аузын төмен қаратып салу
керек.
Терең кəстрөлдердің суы ағып кетуі үшін еңістеп салу керек.
Үлкенірек кəстрөлдер мен табаларды көбірек салу үшін
астыңғы себет бүктемелі тістермен жарақталған.
Үстіңгі себетті реттеу
Үстіңгі / астыңғы себетке қойылатын үлкен ыдыс-
аяққа көбірек орын қалдыру үшін үстіңгі себеттің
биіктігін реттеуге болады. Үстіңгі себеттің биіктігін
доңғалақтарды сырғытпа жолға əр түрлі биіктікке
қою арқылы реттеуге болады. Ұзын заттарды, ас
құралдарын, салат қалақшалары мен пышақтарды
бүріккіш түтіктің жұмысына кедергі келтірмеу үшін
сөреге қою керек.
Қақпақша сөрелерді кері бүктеу
Кəстрөлдер мен табаларды қатарлап орналастыру
үшін тістерді оң жақтағы суретте көрсетілгендей
төмен бүктеуге болады.
Астыңғы себеттің бүктемелі тістері
Кəстрөлдер мен табаларды қатарлап орналастыру үшін тістерді оң жақтағы
суретте көрсетілгендей төмен бүктеуге болады.
IN
IN
Астыңғы орын Үстіңгі орын
Доңғалақтар