Instruction for Use

397
Бағдарламаны өзгерту...
Үй-жай:
1. 1 Орындалып жатқан циклды тек сəл уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана өзгертуге болады.
Əйтпесе, жуғыш зат əлдеқашан құйылып, құрылғыдағы ыдыс жуылған су əлдеқашан төгілген
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жуғыш зат диспенсеріне қайтадан жуғыш заттан салу керек
(“Жуғыш затты салу” атты тарауды қараңыз).
2. Жууды тоқтату үшін Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз. Содан кейін 3 секунд
өткенде бағдарлама түймесін басыңыз, бағдарлама тоқтатылады. Start/Pause (бастау/кідірту)
түймесін басыңыз, ыдыс жуғыш машина 10 секундтан кейін жұмысын бастайды. Содан кейін
бағдарламаны қалаған цикл параметріне өзгертуге болады (“Жуу циклын бастау” атты
тарауды қараңыз). . .” ).
3. Жарық диодты бейнебетте ыдыс жуғыш машинаның күйі көрсетіледі:
a) a) Экранда H MM көрсетіледі де, қос нүкте белгішесі жыпылықтамайды Күту
b) Экранда H MM көрсетіледі де, қос нүкте белгішесі жыпылықтайды Жұмыс істеп тұр
c) Экранда қате коды көрсетіледі Қате (“Қате коды”
тарауын қараңыз)
ЕСКЕРТПЕ: Егер жуу циклы кезінде есік ашылса, машинаның жұмысы кідіртіледі. Жарық диодты
бейнебет терезесі жыпылықтауын тоқтатады да, есік жабылғанша минут сайын ызылдаған
дыбыс естілетін болады. Есік жабылғаннан кейін 10 минут өткенде машинаның жұмысы
жалғасады.
Ыдыс-аяқты салуды ұмытып кеттіңіз бе?
Ұмыт қалған ыдысты жуғыш заттың қақпағы ашылғанша кез келген сəтте қосуға болады.
1. Жууды тоқтату үшін Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз.
2. Есікті сəл ғана ашыңыз.
3. Бүріккіш түтіктердің жұмысы тоқтағаннан кейін есікті толық ашуға болады.
4. Ұмытылған ыдыс-аяқты салыңыз.
5. Есікті жабыңыз.
6. Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, ыдыс жуғыш машина 10 секундтан кейін
жұмысын бастайды.
Жуу циклының соңында
Жуу циклы аяқталғаннан кейін ыдыс жуғыш машина 8 секунд ызылдаған дыбыс шығарады да,
тоқтайды. ON/OFF (қосу/өшіру) түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, су құбырын жабыңыз
да, ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз. Ыдыс-аяқ пен ас құралдары əлі ыстық болып, сынып
кетуге бейім тұрғанда оларды ұстамау үшін ыдыс жуғыш машинаны босатпас бұрын бірнеше
минут күте тұрыңыз. Жəне де олар жақсырақ кебеді.
Ыдыс жуғыш машинаны өшіру
Тек бағдарлама шамы жанып, бірақ жыпылықтамай тұрған жағдайда ғана бағдарлама
аяқталады.
1. ON/OFF (қосу/өшіру) түймесін басу арқылы ыдыс жуғыш машинаны ажыратыңыз.
2. Су құятын шүмекті жабыңыз!
Есікті абайлап ашыңыз.
Ыстық ыдыс-аяқ тиіп кетсе морт сынғыш келеді. Сондықтан ыдыс-аяқты құрылғыдан алып
шықпас бұрын шамамен 15 минуттай суытып алу керек. Машинаның есігін ашыңыз, ыдыс-
аяқты шығармас бұрын есікті жартылай ашқан күйі бірнеше минут күтіңіз. Осылай еткенде
ыдыс-аяқ салқындайды жəне жақсырақ кебеді.
Ыдыс жуғыш машинаны босату
Ыдыс жуғыш машинаның ішінің су болуы қалыпты жағдай. Əуелі астыңғы себетті, содан кейін
үстіңгі себетті босатыңыз. Сонда үстіңгі себеттен астыңғы себеттегі ыдыс-аяққа су тамып
кетпейді.
Жуу кезінде есікті ашу өте қауіпті, өйткені ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТУ: