Instruction for Use

398
Сүзгі жүйесі
Сүзгі тағамның үлкен қалдықтары мен басқа заттардың сорғыға түсіп кетуіне жол бермейді.
Қалдықтар сүзгіні бітеп тастауы мүмкін, мұндай жағдайда оларды алып тастау керек.
Сүзгі жүйесі ірі торлы сүзгіден, жайпақ (негізгі сүзгі) жəне шағын торлы сүзгіден (ұсақ торлы сүзгі)
тұрады.
Негізгі сүзгі 1
Осы сүзгі ұстап қалған тағам мен қоқыс түйірлері
астыңғы бүріккіш түтіктен шығатын арнайы су
ағынымен шайылады да, су төгетін түтік арқылы
шығарылады.
Ірі торлы сүзгі 2
Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке
кептелуі мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы
ұсталады. Осы сүзгі ұстап қалған қоқысты алу үшін
сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен қысыңыз да,
сүзгіні шығарып алыңыз.
Ұсақ торлы сүзгі 3
Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс
пен тағам қалдықтарын ұстайды жəне жуу циклы
кезінде ыдыста қайта тұруына жол бермейді.
Сүзгі жинағы
Сүзгі тағам қалдықтарын ыдыс жуатын судан жақсы кетіреді де, цикл кезінде судың айналуына
мүмкіндік тудырады. Сүзгілер жинағы жақсы жұмыс істеуі үшін оны үнемі тазалап отыру керек.
Сол себепті əр жуу циклынан кейін жартылай дөңгелек сүзгі мен қақпағын ағып тұрған сумен
шайып, тұрып қалған тағамның үлкен қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі құрылғысын алып шығу
үшін қақпақтың тұтқасынан ұстап жоғары қарай тартыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан да сүзгісіз пайдалануға болмайды.
Сүзгіні дұрыс орнатпасаңыз, құрылғы жұмысына нұқсан келуі жəне ыдыс-аяқ пен ас
құралдары бүлінуі мүмкін.
1-ҚАДАМ: Сүзгіні сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
2-ҚАДАМ: сүзгі жинағын жоғары көтеріңіз
ЕСКЕРТПЕ
1-қадамнан бастап 2-қадамды орындаған кезде, сүзгі жүйесі
алынады; 2-қадамнан бастап 1-қадамды орындаған кезде, сүзгі
жүйесі орнатылады.
КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
1
2
Ашу
1
2
3
ЕСКЕРТУ: