Instruction for Use

399
Ескерімдер:
Ыдыс жуғыш машинаны пайдаланған сайын сүзгілердің бітелмегенін тексеріңіз.
Ірі торлы сүзгіні бұрап алу арқылы сүзгі жүйесін шығарып алуға болады. Тағам қалдықтарын
алыңыз да, сүзгілерді ағып тұрған сумен жуыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бүкіл сүзгілер жинағын аптасына бір рет тазалап отыру керек.
Сүзгіні тазалау
Ірі торлы сүзгі мен ұсақ торлы сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз. Соңғы бетте
көрсетілгендей, сүзгінің бөлшектерін қайта жинақтаңыз да, бүкіл жинақты орнына қондырып, жəне
төмен қарай баса отырып, ыдыс жуғыш машинаға қайта салыңыз.
Сүзгілерді тазалаған кезде оларды қақпаңыз. Əйтпесе сүзгілер майысып, ыдыс жуғыш
машинаның жұмыс сапасы төмендеуі мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны күтіп ұстау
Басқару панелін сəл дымқыл шүберекпен тазалауға болады.
Тазалап болғаннан кейін əбден кептіріңіз.
Сыртын құрылғыны жылтырататын жақсы балауызбен тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаның бөлшектерін өткір заттармен,
қырғыш жөкемен не қатты тазартқыштармен тазаламаңыз.
Есікті тазалау
Есіктің жиегін айналдыра тазалау үшін тек жұмсақ, жылы,
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Есіктің бекітпесі мен электрлік
құраластарына су кіріп кетуіне жол бермеу үшін ешқандай
бүріккіш тазартқышты қолданбаңыз.
Есіктің панелін тазалау үшін бүріккіш тазартқышты қолдануға болмайды, себебі ол есіктің
бекітпесі мен электрлік құраластарын бүлдіруі мүмкін.
Тот баспайтын болаттан жасалған беткі қабатына сызат түсуіне немесе дақ қалуына жол
бермес үшін түрпілі заттар мен кейбір қағаз сүзгілерді пайдалануға болмайды.
Мұз қатуынан қорғау
қыста ыдыс жуғыш машинаға мұз қатуына қорғайтын шараларды қолданыңыз. Жуу циклдарынан
кейін əр кез төмендегі қадамдарды жасаңыз
1. Ыдыс жуғыш машинаға жалғанған электр тоғын ағытыңыз.
2. Су құятын шүмекті жауып, су құятын түтікті су клапанынан ажыратыңыз.
3. Су құятын түтік пен су клапанындағы суды ағызыңыз. (Суды жинау үшін кəстрөлді
пайдаланыңыз)
4. Су құятын түтікті су клапанына қайта жалғаңыз.
5. Науаның түбіндегі сүзгіні алып шығыңыз да, тұндырғыштағы суды жөкемен сорғытып алыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ыдыс жуғыш машина мұздың кесірінен жұмыс істемесе, кəсіпқой техник
мамандарға хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ: