Instruction for Use

400
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Кермек судағы химиялық заттар бүріккіш түтіктің саңылаулары мен
мойынтіректерін бітеп тастамас үшін оларды жиі тазалап отыру
керек.
Үстіңгі бүріккіш түтікті алу үшін сомыннан ұстап тұрып түтікті сағат
тілінің бағытымен бұрап алыңыз.
Астыңғы бүріккіш түтікті алу үшін бүріккіш түтікті жоғары қарай
тартыңыз.
Түтіктерді сабын сумен жуып, саңылауларын жұмсақ шөткемен
тазалаңыз. Əбден шайғаннан кейін орнына салыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаны қалпында ұстау жолдары
Əр жуу циклынан кейін
Əрбір жуу циклынан кейін құрылғыға құйылатын суды жауып, ылғал немесе жағымсыз иіс
тұрып қалмас үшін есігін сəл ашыңқырап қойыңыз.
Ашаны суыру
Тазалау немесе күтіп ұстау жұмыстарына кіріспес бұрын, əрқашан ашаны розеткадан
суырыңыз.
Еріткіш немесе түрпілі заттармен тазалауға болмайды
Ыдыс жуғыш машинаның сырты мен резеңке бөлшектерін тазалау үшін еріткіш немесе түрпілі
заттарды ешқашан қолданбаңыз. Тек шүберек пен жылы сабын су ғана пайдаланыңыз.
Құрылғының ішкі бетіндегі дақтар мен таңдақтарды аздаған сірке суы немесе ыдыс жуғыш
машинаға арналған жуғыш зат қосылған суға матырылған шүберекпен тазалаңыз.
Ұзақ пайдаланылмаған кезде
Жуу циклын ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмай орындап, содан кейін оның ашасын
розеткадан суыруды, су құятын шүмекті жауып, құрылғы есігін сəл ашық күйі қалдыруды
ұсынамыз. Бұл есік тығыздағыштарының ұзаққа шыдауына көмектеседі жəне құрылғыдан
жағымсыз иіс шығуына жол бермейді.
Құрылғыны жылжыту
Егер құрылғыны жылжыту қажет болса, оны тік қалыпта ұстауға тырысыңыз. Егер қайткенде
де қажет болса, оны шалқасынан қоюға болады.
Тығыздағыштар
Ыдыс жуғыш машинадан иіс шығуының бір себебі тығыздағыштарда тағамның қалып қоюы
болып табылады. Дымқыл жөкемен мерзімді түрде тазалап тұру мұндай жағдайды
болдырмайды.
Ашу