Instruction for Use

401
Құрылғыны орналастыру
Құрылғыны қалаған жерге орналастырыңыз. Құрылғының артқы жағын қабырғаға тақатып, екі
жағын жапсарлас жиһаздың немесе қабырғаның бойымен орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны
орнату оңай болуы үшін оның оң не сол жағына орналастыруға болатын су құятын жəне төгетін
түтіктермен жабдықталған.
Құрылғының деңгейін дұрыстау
Ыдыс жуғыш машинаны деңгейлеу үшін орналастырғаннан кейін
оның аяқтарының бұрау деңгейін реттеу арқылы құрылғының биіктігін
реттеуге болады. Дегенмен, құрылғыны 2 градустан артық еңкейтуге
болмайды.
Электр желісіне жалғау туралы
Адамдардың қауіпсіздігі үшін:
ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫ ҮШІН ҰЗАРТҚЫШ СЫМ НЕМЕСЕ ӨТПЕЛІК АШАНЫ ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ ІСТІКШЕСІН ҚУАТ СЫМЫНАН КЕСІП НЕМЕСЕ
АҒЫТЫП АЛМАҢЫЗ.
Электрмен жабдықтауға қойылатын талаптар
Атаулы кернеуді білу үшін техникалық ақпарат тақтайшасын қараңыз да, ыдыс жуғыш машинаны
лайықты қуат желісіне жалғаңыз.
Қажетті 10 амперлік сақтандырғышты, ұсынылатын кеш қосылатын сақтандырғышты немесе
айырып-қосқышты қолданыңыз жəне тек осы құрылғыға арналған жеке желіні қамтамасыз етіңіз.
Қолданар алдында құрылғының жерге дұрыс тұйықталғанын тексеріңіз
Электр желісіне қосу
Кернеу мен қуат жиілігінің техникалық ақпарат тақтайшасындағы мəндерге сай келетініне көз
жеткізіңіз. Ашаны тек жерге дұрыс тұйықталған розеткаға ғана жалғаңыз. Егер құрылғыны
қосқыңыз келген розеткаға құрылғы ашасы сай келмесе, өтпелік қолданудың орнына розетканы
ауыстырыңыз, себебі өтпелік қолданғанда шамадан тыс қызып кету немесе күйіп қалу қаупі бар.
Жерге тұйықтауға қатысты нұсқаулар
Бұл құрылғыны жерге тұйықтау керек Дұрыс жұмыс істемеген немесе бұзылған жағдайда, жерге
тұйықтау электр тоғы өтіп кететін қосымша сымды қамтамасыз ету арқылы электр тоғы соғу
қатерін азайтады. Бұл құрылғы жерге қосу ашасы мен жерге қосу сымы бар қуат сымымен
жарақталған. Аша жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына сай орнатылған жəне
жерге тұйықталған тиісті розеткаға жалғануға тиіс.
Жерге тұйықтау ашасын дұрыс пайдаланбау электр тоғы соғу қатеріне əкелуі мүмкін.
Құрылғының жерге дұрыс тұйықталған-тұйықталмағаны туралы күмəніңіз болса, білікті
электршіге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғымен бірге жеткізілген ашаны өзгертпеңіз. Егер аша розеткаға дəл келмесе, дұрыс
розетканы орнату үшін білікті электрші маманды шақырыңыз.
ОРНАТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ:
ЕСКЕРТУ: