Instruction for Use

404
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын
Төмендегі беттердегі кестелерді қарап шығу қызмет көрсету орталығына хабарласпауға көмектесуі мүмкін.
Техникалық ақаулықтар
АҚАУЛЫҚТЫ АНЫҚТАУ БОЙЫНША
НҰСҚАУЛЫҚ
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Ыдыс жуғыш машина
іске қосылмайды
Сақтандырғыш күйіп кеткен немесе
қысқа тұйықтағыш қосылып кетті
Сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе қысқа тұйықтағышты қайта орнатыңыз.
Ыдыс жуғыш машинамен бір тұйықтағышты ортақтасатын басқа құрылғыларды
алып тастаңыз
Электр қуатымен жабдықтау
іске қосылмаған
Ыдыс жуғыш машинаның іске қосылғанын жəне есігінің мықтап жабылғанын
тексеріңіз. Қуат сымының қабырғадағы розеткаға дұрыс сұғылғанына көз
жеткізіңіз.
Судың қысымы төмен Сумен жабдықтау желісіне дұрыс жалғанғанын жəне
су құбырының ашылғанын тексеріңіз.
Ыдыс жуғыш машинаның есігі дұрыс
жабылған жоқ.
Есікті дұрыстап жабыңыз да, бекітіп қойыңыз.
ыдыс жуғыш машинадан
су сорылмайды
Су төгетін түтік бұратылып қалған Су төгетін түтікті тексеріңіз.
Сүзгі бітеліп қалған Ірі торлы сүзгіні тексеріңіз
(“Сүзгіні тазалау” атты тарауды қараңыз)
Ас үйдегі раковина бітеліп қалған Ас үйдегі раковинадан судың жақсы ағатынын тексеріңіз. Егер мəселе ас
үйдегі раковинадан су кетпейтінінде болса, ыдыс жуғыш машина жөндейтін
техник емес, сантехник керек болуы мүмкін.
Жалпы ақаулар
Ақаулық Ықтимал себептері Не істеу керек
Науада сабын қалады Дұрыс емес жуғыш зат Сабын қалмас үшін ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш затты ғана
пайдаланыңыз. Мұндай жағдай орын алса, сабын буланып ұшуы үшін ыдыс
жуғыш машинаны ашыңыз. Науаға 1 галлон суық су құйыңыз. Ыдыс жуғыш
машинаны жауып, бекітіңіз де, кез келген циклды таңдаңыз. Ыдыс жуғыш
машинадан су бірден ағып кетеді. Су кетуі тоқтағаннан кейін есікті ашыңыз
да, сабынның жоғалып кеткенін тексеріңіз. Қажет болса осыны қайталаңыз.
Төгілген шайғыш зат Төгілген шайғыш затты əрқашан дереу сүртіп алыңыз.
Науаның ішкі жағына дақ
түскен
Құрамында бояғышы бар
жуғыш зат қолданылған
Жуғыш заттың құрамында бояғыш жоқ екеніне
көз жеткізіңіз.
Ыдыстың ішкі бетінде
ақшыл қабат түзілуі
Кермек су минералдары Ішкі жағын ыдыс жуатын жуғыш зат құйылған дымқыл жөкемен
тазалаңыз жəне резеңке қолғап киіңіз.
Көбік немесе сабын түзілмес үшін ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш заттардан басқа құралдарды ешқашан қолданбаңыз.
Ас құралдарында
тот дақтары болуы
Тот басқан бұйымдар
тот басуына төзімді емес.
Ыдыс жуғыш машина тұзы
қосылғаннан кейін бағдарлама
жұмыс істемеді. Болмашы тұз
жуу циклы кезінде түсіп кеткен.
Ыдыс жуғыш машина тұзын қосқаннан кейін
машинаға ыдыс салмастан жəне Турбо функциясын
(егер болса) қоспастан, əрқашан да
жылдам жуу бағдарламасын орындаңыз.
Жұмсартқыштың қақпағы
босап кеткен
Қақпақты тексеріңіз. Жақсы бекітілгенін тексеріңіз.