Instruction for Use

410
ЖЫЛДАМ ЖҰМЫС БОЙЫНША
НҰСҚАУЛЫҚ
Жұмыс əдісі туралы егжей-тегжейлі мəліметті нұсқаулықтың тиісті беттерінен қараңыз.
Құрылғыны іске
қосу
Машинаны іске қосу үшін On/Off (қосу/өшіру) түймесін басыңыз.
Құрылғыны өшіру
Жуу циклы аяқталғаннан кейін ыдыс жуғыш машина 3 рет ызылдаған дыбыс шығарады
да, тоқтайды. On/Off (қосу/өшіру) түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз.
Су құятын шүмекті
жабу жəне
себеттерді босату
Ескерту: ыдыс-аяқ пен ас құралдары əлі ыстық болып, сынып кетуге бейім тұрғанда
оларды ұстамау үшін ыдыс жуғыш машинаны босатпас бұрын бірнеше минут (шамамен
15 минут) күте тұрыңыз. Жəне де олар жақсырақ кебеді. Астыңғы себеттен бастап
құрылғыдан ыдыс-аяқты алыңыз.
Жуғыш зат
диспенсерін
толтыру
A бөлімшесі: Əр жуу циклында.
B бөлімшесі: Тек алдын ала жуу функциясы бар бағдарламалар
үшін. (Пайдаланушы нұсқауларын орындаңыз!)
Шайғыш зат
деңгейін тексеру
Механикалық C индикаторы.
Басқару панеліндегі электр индикаторы (егер болса).
Қалпына келтіретін
тұз \ деңгейін
тексеру
Тек су жұмсартқыш жүйесі бар үлгілер үшін).
Басқару панеліндегі электр индикаторы (егер болса).
Егер басқару панелінде (кейбір үлгілерде) тұз туралы ескерту шамы
болмаса, су жұмсартқышқа тұзды қашан толтыру керек екенін ыдыс
жуғыш машинаның жасаған циклдар саны арқылы есептеуге болады.
Себеттерге ыдыс-
аяқ салу
Қалған тағамның үлкен мөлшері болса, қырып тастаңыз. Кəстрөлдерде күйген тағамның қалдықтарын жібітіңіз, содан
кейін себеттерге ыдыс-аяқ салыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салу туралы нұсқауларды қараңыз
Бағдарлама
таңдау
Есікті жабыңыз, таңдалған бағдарлама индикаторы жанғанша бағдарлама түймесін
басыңыз. (“Іске пайдалану бойынша нұсқаулар” атты тарауды қараңыз)
Ыдыс жуғыш машинаны
іске қосу
Су шүмегін ашыңыз да, Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз. Ыдыс жуғыш
машина 10 секундтан кейін жұмыс істей бастайды.
Бағдарламаны
өзгерту
1. Орындалып жатқан циклды тек сəл уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана өзгертуге
болады. Əйтпесе, жуғыш зат əлдеқашан құйылып су əлдеқашан төгілген болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда жуғыш зат диспенсерін қайта толтыру керек.
2. Жууды тоқтату үшін Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз да, 3 секундтан
кейін бағдарлама түймесін басыңыз, бағдарлама тоқтатылады.
3. Жаңа бағдарламаны таңдау үшін бағдарлама түймесін басыңыз.
4. Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, ыдыс жуғыш машина 10 секундтан кейін
жұмысын бастайды.
Ұмытылған ыдыс-
аяқты ыдыс жуғыш
машинаға
салыңыз.
1. Жууды тоқтату үшін Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз.
2. Есікті сəл ғана ашыңыз.
3. Бүріккіш түтіктердің жұмысы тоқтағаннан кейін есікті толық ашуға болады.
4. Ұмытылған ыдыс-аяқты салыңыз.
5. Есікті жабыңыз
6. Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, ыдыс жуғыш
машина 10 секундтан кейін жұмысын бастайды.
Егер құрылғы жуу
циклы кезінде өшіп
қалса.
Егер құрылғы жуу циклы кезінде өшіп қалса, қайтадан іске қосылғанда, жуу циклын
қайтадан таңдаңыз да, ыдыс жуғыш машинаны бастапқы ”Қуат қосулы” күйіне сəйкес
пайдаланыңыз).
ЕСКЕРТУ!
Есікті абайлап
ашыңыз.
Есік ашылған
кезде ыстық бу
шығып кетуі
мүмкін