Instruction for Use

387
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
A. Су жұмсартқышты орнатыңыз
B. Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұздан 1,5 кг салыңыз да, тұз сауытына су толтырыңыз
C. Шайғыш зат диспенсерін толтырыңыз
D. Жуғыш затты салыңыз
A. Су жұмсартқыш
Су жұмсартқышты қолдан баптау керек, ол үшін су кермектігі тетігін пайдаланыңыз. Су
жұмсартқыш құйылатын судың құрамындағы машинаға зиян келтіретін немесе оның қызметінің
тиімділігін төмендететін минералдар мен тұздарды кетіру үшін жасалған. Осы минералды заттар
мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса, судың кермектігі де соғұрлым жоғары болады.
Су жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сəйкес баптау керек. Тұратын
жеріңіздегі судың кермектігі туралы мəліметтерді жергілікті су шаруашылығын басқаратын
мекемеден ала аласыз.
Тұз тұтыну мөлшерін реттеу
Ыдыс жуғыш машина қолданылатын судың кермектігіне қарай тұз тұтыну мөлшерін реттейтін етіп
жасалған. Мұның мақсаты – тұз тұтыну деңгейін оңтайландыру жəне лайықтау.
1. Есігін жабыңыз да, құрылғыны іске қосыңыз.
2. Су жұмсартқыш параметрлері бар үлгінің жұмысын бастау үшін құрылғы іске қосылғаннан кейін 60
секунд ішінде Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін 5 секундтан астам басыңыз (Ол орнатылған
үлгіге енген кезде тұз бен шайғыш зат туралы ескерту шамдары мезгіл-мезгіл жанады);
3. Тұратын жеріңіздегі қоршаған орта жағдайларына сəйкес дұрыс параметрді таңдау үшін
Start/Pause (бастау/кідірту) түймесін басыңыз, параметрлер мынадай ретпен өзгереді: H1->H2-
>H3->H4->H5->H6;
4. Үлгіні баптауды аяқтау үшін On/Off (қосу/өшіру) түймесін басыңыз немесе жұмысын 5 секунд
тоқтатыңыз.
1-ескертпе
1 dH=1,25 Кларк=1,78 fH=0,178 ммоль/л
DH = неміс градусы
fH = француз градусы
Кларк = Британия градусы
2-ескертпе
Зауытта орнатылған параметр: H4 (EN 50242)
Құбырдағы судың кермектігі туралы ақпарат алу үшін жергілікті сумен жабдықтау
мекемесіне хабарласыңыз.
Ескертпе: Егер бұл үлгіде су жұмсартқыш болмаса, бұл тарауды қарамауыңызға болады.
Су жұмсартқыш
Судың кермектігі əр жерде əр түрлі болады. Ыдыс жуғыш машинада кермек су қолданылса,
ыдыс-аяқ пен ас құралдарына қақ тұрады.
Құрылғы судың құрамындағы əк пен минералдарды кетіру үшін арнайы жасалған тұз сауытын
қолданатын су жұмсартқышпен жабдықталған.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН
СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ
Қосқыштың
орналасуы
Тұз тұтыну
мөлшері
(грамм/цикл)
°dH °fH °Кларк ммоль/л
0~5 0~9 0~6 0~0,94 H1 0
6~11 10~20 7~14 1,0~2,0 H2 9
12~17 21~30 15~21 2,1~3,0 H3 12
18~22 31~40 22~28 3,1~4,0 H4 20
23~34 41~60 29~42 4,1~6,0 H5 30
35~45 61~80 43~56 6,1~8,0 H6 60