Instruction for Use

388
B. Су жұмсартқышқа тұз салу
Əрқашан ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолданыңыз.
Тұз сауыты астыңғы себеттің астында орналасқан жəне оны төменде түсіндірілгендей
жолмен толтыру керек:
Назар аударыңыз
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз! Ыдыс жуғыш машинаға
арналмаған басқа тұз түрлері, əсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді.
Жарамсыз тұзды пайдаланудан нұқсан келтірілген жағдайда, өндіруші ешқандай кепілдік
бермейді жəне кез келген нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді.
Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салыңыз.
Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ
уақыт жатып қалып, тоттануға себеп болуына жол бермеуі үшін қажет.
A. Астыңғы себетті алғаннан кейін тұз сауытының қақпағын бұрап алыңыз. (1)
B. Құйғыштың (жинаққа кіреді) ернеуін тесікке кіргізіп, шамамен 1,5 кг тұз салыңыз.
C. Тұз сауытына толтырып су құйыңыз. Тұз сауытынан аздап су төгілуі мүмкін, бұл қалыпты
жағдай. (2).
D. Сауытты толтырғаннан кейін қақпағын орнына қатайтып бұраңыз.
E. Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін тұз туралы ескерту шамы жыпылықтауын
тоқтатады.
F. Тұз сауытына тұз салынғаннан кейін дереу жуу бағдарламасын іске қосу керек. Олай
етпесе, сүзгі жүйесін, сорғыны немесе машинаның басқа да маңызды бөлшектерін тұзды
су бүлдіруі мүмкін. Бұл кепілдікпен қамтылмайды.
Ескертпе:
1. Басқару панеліндегі тұз туралы ескерту шамы жанған кезде ғана тұз сауытына қайтадан
тұз салу керек. Тұздың қаншалықты жақсы еруіне қарай, тұз сауыты толтырылса да, тұз
туралы ескерту шамы əлі жанып тұруы мүмкін. Егер басқару панелінде (кейбір
үлгілерде) тұз туралы ескерту шамы болмаса, су жұмсартқышқа тұзды қашан толтыру
керек екенін ыдыс жуғыш машинаның жасаған циклдары арқылы есептеуге болады.
2. Егер тұз шашыраса, оның артығын кетіру үшін сорғыту бағдарламасын немесе жылдам
бағдарламаны орындау қажет.
1
Ашу