Instruction for Use

390
1. Диспенсерді ашу үшін қақпағын “ашық” (сол жақ) көрсеткіге қарай бұрап, көтеріп
шығарыңыз.
2. Шайғыш затты диспенсеріне ернеуінен асырмай абайлап құйыңыз.
3. Қақпақты “ашық” көрсеткісіне туралап орнына салыңыз да, “жабық” (оң жақ) көрсеткісіне
қарай бұраңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Шайғыш затты салып жатқанда төгіліп қалса, келесі жолы ыдыс жуған кезде көпіршімес
үшін су тартатын матамен сорғытып алыңыз. Ыдыс
жуғыш машинаның есігін жаппай тұрып, қақпағын
орнына салуды ұмытпаңыз.
Шайғыш зат диспенсерін реттеу
Шайғыш зат диспенсерінің алты немесе төрт
параметрі болады. Диспенсерді əрқашан “4” қалпына
қойып іске қосыңыз. Ыдыста дақ қалса немесе дұрыс
кеппесе, шайғыш зат үлестіргішінің қақпағын ашып,
тетігін “5” қалпына қою арқылы шайғыш заттан тағы
салыңыз. Егер ыдыс бəрібір дұрыс кеппесе немесе
онда дақ байқалса, ыдыс-аяқтың дақтары кеткенше тетікті келесі жоғары деңгейге қоя
беріңіз. Ұсынылатын параметр – “4”. (Зауыттық мəн – “4”).
ЕСКЕРТПЕ
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су тамшылары немесе əк дақтары қалса, шайғыш зат
мөлшерін көбейтіңіз.
Ыдыс-аяқ үстінде жабысқақ ақшыл жолақтар болса немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде жəне
пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Реттеу тетігі
(Шаю)