Instruction for Use

391
D. Жуғыш зат функциясы
Құрамында химиялық құрамдастары бар жуғыш заттар кірді кетіру, оны езу жəне ыдыс жуғыш машинадан
шығару үшін қажет. Тауарлық сапасы бар жуғыш заттардың көпшілігі осы мақсатқа жарайды.
Назар аударыңыз!
Жуғыш затты дұрыс қолдану. Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз. Жуғыш заттарды ескіртпей, құрғақ күйде сақтаңыз. Ыдысты жууға дайын
болмасаңыз, ұнтақ жуғыш затты диспенсерге салмаңыз.
Жуғыш заттар
Жуғыш заттардың 3 түрі болады
1.Құрамында фосфат пен хлор бар
2.Құрамында фосфат бар, ал хлор жоқ
3.Құрамында фосфат та, хлор да жоқ
Əдетте бүркілетін жаңа жуғыш заттың құрамында фосфат болмайды. Сондықтан су
жұмсартқышқа фосфат функциясы берілмеген. Мұндай жағдайда судың кермектігі небары 6 dH
болса да, тұз сауытына тұз толтыруды ұсынамыз. Егер су кермек болғанда құрамында фосфат
жоқ жуғыш заттар пайдаланылса, тəрелкелер мен стақандарда ақ дақтар жиі пайда болады.
Мұндай жағдайда жақсырақ нəтижеге жету үшін жуғыш заттан көбірек қосыңыз. Құрамында хлор
жоқ жуғыш заттар шамалы ғана ағартады. Күшті жəне түсті дақтар толық кетпейді. Мұндай
жағдайда температурасы жоғарырақ бағдарламаны таңдаңыз.
Қойылтылған жуғыш зат
Химиялық құрамына қарай жуғыш заттарды негізгі екі топқа бөлуге болады:
құрамында жеміргіш заттары бар əдеттегі сілтілі жуғыш заттар
табиғи энзимдері бар төмен сілтілі қойылтылған жуғыш заттар
Қалыпты жуу бағдарламаларын қойылтылған жуғыш заттармен бірге пайдалану қоршаған ортаның
ластануын азайтады жəне ыдысқа жақсы əсер етеді; осы жуу бағдарламалары қойылтылған жуғыш
заттың энзимдерінің кір кетіргіш сипаттарына арнайы дəл келтірілген. Сол себептен қойылтылған
жуғыш заттар пайдаланылатын қалыпты жуу бағдарламалары басқа жағдайда тек қарқынды
бағдарламаларды пайдалану арқылы қол жеткізілетіндей нəтижелерге жеткізе алады.
Жуғыш таблеткалар
Түрлі маркалы жуғыш таблеткалар түрлі жылдамдықпен ериді. Сол себепті кейбір жуғыш
таблеткалар қысқа мерзімді жуу бағдарламалары кезінде еріп үлгермейді жəне толық тазартқыш
сипатын көрсете алмайды. Сондықтан жуғыш таблеткаларды қолданған кезде жуғыш заттардың
қалдығын толық кетіру үшін ұзақ мерзімді жуу бағдарламаларын қолданыңыз.
Жуғыш зат диспенсері
Диспенсерді əр жуу циклын бастамай тұрып, жуу циклы кестесіндегі нұсқауларға сəйкес
толтырып отыру қажет. Ыдыс жуғыш машинаңыз əдеттегі ыдыс жуғыш машиналарға қарағанда
жуғыш зат пен шайғыш затты аз тұтынады. Əдетте қалыпты толтырылған ыдыс жуғыш машинаға
тек бір ас қасық жуғыш зат салынады. Қатты ластанған ыдыс-аяқты жуу үшін көбірек жуғыш зат
қажет. Жуғыш затты əрқашан ыдыс жуғыш машинаны іске қосардың алдында ғана салыңыз,
əйтпесе жуғыш зат дымқылданып, дұрыс ерімеуі мүмкін.
Жуғыш заттың қолданылатын мөлшері
Ашу үшін ысырманы итеріңіз
Ұнтақ жуғыш зат
Жуғыш таблеткалар