Пайдалану нұсқаулығы
ҚАУІПСІЗДІК НҰҚАУЛАРЫ ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ҰСТАНУ КЕРЕК Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз. Осы нұсқаулық сондай-ақ docs. indesit.eu веб-торабында бар Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіршуі осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаға ақаулық үшін жауапты болмайды.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылуға арналмаған. Бұл құрылғы тек тұрмыста қолдануға арналған. Бұл құрылғы төмендегі сияқты жерлерде қолдануға арналмаған: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы. Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған.
Құрылғыны кіріктірілген пештің үстінен орнату үшін міндетті түрде пештің суытқыш желдету жүйесі болуға тиіс. ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР Құрылғыны жалғамас бұрын техникалық ақпарат тақтайшасындағы кернеудің үйдегі кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз. Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы немесе розеткадан жоғары орнатылған көп полюсті қосқыштың көмегімен ол қуат көзінен ажыратыла алатын болуы керек.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ Бума материалы 100% қайта өңделмелі және қайта өңдеу таңбасымен белгіленген ( ). Орамның әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және жауапкершілікпен өткізілуі қажет. ҮЙ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ Бұл құрылғы қайта өңделмелі немесе қайта қолданбалы материалдармен жасалған. Жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес қолданыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ МЕН БӨЛШЕКТЕРІ 1( k l w q t j r i 2) h o e s a y g u f d q Басқару панелі w Бу тетігі e Су сауыты r Қуат сымы t Бу/сытық су түтігі y Тамшы елегі u Тамшы науасы 6 i Капучино жасағыш o Қондырма a Бу шығатын ауыз s Сыққыш d Сүзгі ұстатқыш f Екі шыныаяқтық үлкен сүзгі g Бір кіші шыныаяқ h Бу таңдау түймесі j Кофе/ыстық су түймесі k Қосу/Өшіру түймесі l ON (қосулы) шамы 1( Температура OK шамы (кофе немесе ыстық су) 2) БУ индикатор шамы
СУ САУЫТЫНА СУ ҚҰЮ q Су сауытын алу үшін оны сыртқа (алға қарай) тартыңыз. w MAX деңгейінен асырмай, су сауытына таза су құйыңыз. Сауытты орнына қойыңыз. Сауытта су болмаса, құрылғыны ешқашан пайдаланбаңыз және деңгейі түбінен бір-екі сантиметр түсіп кеткен кезде толтырып отыруды ұмытпаңыз. АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШУ Қуатты үнемдеу мақсатында, құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмаған кезде оның автоматты түрде өшу функциясы бар (қуат шамы сөнеді). Құрылғыны іске қосу үшін ON/ OFF қосқышын басыңыз.
ҰНТАҚ КОФЕГЕ АРНАЛҒАН СҮЗГІ ҰСТАТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНЫП ЭСПРЕССО КОФЕ ДАЙЫНДАУ 1. Жоғарыда суреттелгендей құрылғыны қыздырып алғаннан кейін ұнтақ кофе сүзгісін сүзгі ұстатқышқа қойып, шығыңқы жерінің саңылауға дұрыс кіргеніне көз жеткізіңіз. Бір шыны кофе қайнату үшін кіші сүзгіні, ал екі шыны кофе қайнату үшін үлкен сүзгіні пайдаланыңыз. 2. Бір шыны кофе қайнату үшін сүзгіге тартылған кофенің бір өлшемін (шамамен 7 г) салыңыз.
КАПСУЛАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ЭСПРЕССО КОФЕ ДАЙЫНДАУ 1. Сүзгі ұстатқыштың орнатылғанына көз жеткізіп, “КОФЕ ҚАЙНАТҚЫШТЫ ҚЫЗДЫРЫП АЛУ” бөлімінде суреттелгендей құрылғыны қыздырып алыңыз. Сонда кофе ыстығырақ болады. Ескертпе: Қаптамасында төмендегі логотипі көрсетілген, ESE стантартына сәйкес келетін капсулаларды пайдаланыңыз: ESE стандарты жетекші капсула өндірушілері қабылдаған жүйе және ол эспрессо кофені оңай әрі таза дайындауға мүмкіндік береді. 2.
КАПУЧИНО КОФЕСІН ДАЙЫНДАУ 1. Эспрессо кофелерін алдыңғы тармақтарда суреттелгендей, едәуір үлкен шыныаяқтарды пайдаланып дайындаңыз. 2. Бу түймесін басыңыз да, OK шамының жанғанын күтіңіз. Оның жанғаны бу шығуы үшін қайнатқыш температурасының керекті деңгейге жеткенін білдіреді. 3. Сонымен бір мезгілде қабылдағыш сауытқа дайындалатын әр капучино үшін шамамен 100 грамнан сүт құйыңыз. Сүт тоңазытқыш температурасында болуға тиіс (ыстық емес!).
Ескертпе: пайдаланып болғаннан кейін капучино қайнатқышты тазалап отырыңыз. Мынаны орындаңыз: 3. Қондырманы төмен қарай тарту арқылы бу түтігінен шешіп алыңыз. 1. Бу тетігін бұрау арқылы бірнеше секунд бойы шамалы бу 4. Капучино қайнатқыш пен бу қондырмасын жылы сумен жақсылап жуыңыз. 5. Суретте көрсетілген екі тесіктің бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Қажет болса, түйреуішпен тазалаңыз. 6. Бу қондырмасын бу түтігіне кіргізіп, түтіктің үстіңгі жағына мықтап бұрау арқылы орнына салыңыз. шығарыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 1. Қандай да бір тазалау жұмысын жүргізерден бұрын құрылғыны суытып алыңыз да, электр желісінен ағытыңыз. 2. Құрылғыны тазалау үшін еріткіштерді немесе түрпілі тазартқыш құралдарды пайдалануғңа болмайды. Жұмсақ дымқыл шүберек жеткілікті. 3. Тамшы науасы мен тамшы елегін жиі босатып, тазалап тұрыңыз. 4. Су сауытын мезгіл-мезгіл тазалап тұрыңыз.
БУ ШЫҒАТЫН АУЫЗДЫ ТАЗАЛАУ Шамамен әр 300 кофеден кейінэспроссо қайнатқыштың бу шығатын ауызын төмендегідей тазалап тұру керек: 1. Құрылғының ыстық емес екеніне және электр желісінен ағытылғанына көз жеткізіңіз. 3. Қайнатқышты дымқыл шүберекпен тазалаңыз. 4. Бу шығатын ауызды шөткенің көмегімен ыстық суға жақсылап жуыңыз. Тесіктерінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз. Қажет болса, түйреуішпен тазалаңыз. 5. Үнемі ысқылай отырып ағып тұрған суға жуыңыз. 6. Қайнатқыштың ауызын орнына бұрап салыңыз.
Ақаулық Эспрессо кофе берілмейді Мүмкін себебі ɳɳСауытта су жоқ.. ɳɳСүзгі ұстатқыштың шүмектеріндегі тесіктер бітелген. Эспрессо қайнатқыштың бу шығатын ауызы бітелген. Сүзгі бітелген. Сауыт дұрыс салынбаған. ɳɳ ɳɳ ɳɳ Эспрессо кофенің тамшылары сүзгі ұстатқыштың тесіктерінен емес, шетінен тамшылайды. тығыздауышының созымдылығы жоғалған. Сүзгі ұстатқыштың тесіктерінен ағын шығады. ɳɳКофе қосқышы басылған кезде эспрессо OK индикатор шамы жанбайды. Алдын ала қыздыру орындалмайды.
Ақаулық Кофе көбігінің түсі тым ақшыл (шүмектен тым жылдам ағады) Кофе көбігінің түсі тым қошқыл (шүмектен тым баяу ағады) Мүмкін себебі ɳɳТартылған кофе жеткілікті дәрежеде үстінен төмен басылмайды. Тартылған кофенің мөлшері жеткіліксіз. Тартылған кофе тым ірі үгітілген. Тартылған кофенің сұрыпы дұрыс емес. ɳɳ ɳɳ ɳɳ ɳɳТартылған кофе үстінен тым қатты басылады. Тартылған кофенің мөлшері тым көп. Эспрессо қайнатқыштың бу шығатын ауызы бітелген. Сүзгі бітелген. Тартылған кофе тым майда үгітілген.
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ НҰСҚАУЛЫҒЫН ЖҮКТЕП АЛУ ɳɳ WWW Пайдалану және күтіп ұстау біздің docs.indesit.eu веб-торабынан өнімнің арнайы кодын көрсету арқылы жүктеп алыңыз (осы QR кодын пайдалануға болады). Немесе Кепілді қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. нұсқаулығын ɳɳ КЕПІЛДІК БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСУ Біздің байланыс ақпаратымызды кепілдік нұсқаулығынан табуға болады.