MWD 319 MWD 320 /CPWCN FG WVKNK\CTG Інструкція з експлуатації www.whirlpool.
ОРНАТУ ҚОСУ АЛДЫНДА Пешті басқа жылу көздерінен алшақ орналастырыңыз. Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, пештің үстінде кемінде 30 см бос орын болу қажет. Микротолқынды пешті шкафта орналастырмау керек. Осы пеш еден үстінен 850 мм төмен жұмыс бетінде орналастыруға немесе пайдалануға арналмаған. Техникалық төлқұжаттағы кернеудің үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетінін тексеріңіз.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА ҚАРАУ ҮШІН САҚТАП ҚОЙЫҢЫЗ Пештің ішіндегі немесе сыртындағы материал тұтанса немесе түтін шықса, пештің есігін жабыңыз және оны өшіріңіз. Қуат шнурын ажыратыңыз немесе сақтандырғыштағы не желілік автоматтар қалқаншасындағы қуатты өшіріңіз. Әсіресе тамақты әзірлеу процесінде қағаз, пластикалық немес басқа жанғыш материалдарды пайдаланған кезде, пешті қараусыз қалдырмаңыз.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ Құрылғылар сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы басқару үшін арналмаған. Көп көлемдегі май немесе өсімдік майын пайдаланған жағдайда пешті қараусыз қалдырмаңыз, себебі олар қызып кетіп, өртке алып келуі ықтимал! Пештің ішінде немесе жанында тұтанғыш материалдарды қыздырмаңыз немесе пайдаланбаңыз. Түтіндер өрт қаупін немесе жарылысты туындатуы мүмкін. Микротолқынды пешті тоқыма өнімдерді, қағазды, дәмдеуіштерді, шөптерді, ағашты, гүлдерді немесе басқа да .
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ Бұл құрылғы тек тұрмыстық қолданысқа арналған. Микротолқындарды пайдаланған кезде ішіне тамақ салынбаған пешті қолданбау қажет. Осындай әдіспен пайдалану құрылғының зақымдалуына алып келеді. Пештегі желдету саңылауларын жаппау қажет. Ауаға арналған кіріс немесе шығыс саңылаулардың бұғатталуы пешті зақымдап, сапасыз тамақ әзірлеу нәтижелеріне әкелуі ықтимал. Пешті пайдалануды үйрену кезінде, ішіне бір стакан су қойыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ЖАЛПЫ АҚПАРАТ Нарықта көп көлемдегі керек-жарақтар қолжетімді. Сатып алмас бұрын, микротолқынды пеште пайдалану үшін олардың жарамдылығына көз жеткізіңіз. Тамақ әзірлемес бұрын сіз пайдаланатын аспаптардың пеште қолдануға жарамды екеніне және микротолқындарды өткізуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз. Микротолқынды пешке тамақ пен керек-жарақтарды салған кезде, олардың пештің ішкі бөлігіне тимейтініне көз жеткізіңіз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ Пешті таза жағдайда ұстамау пештің жұмыс бетінің нашарлауына әкеліп, ол өз кезегінде құрылғының жұмыс мерзіміне кері әсерін тигізіп, қауіпті жағдайды туындатуы ықтимал. Басқару тақтасын, пештің ішкі және сыртқы беттерін зақымдайтын шаю ысқыштарын, абразивті жуу құралдарын, болат материалдан жасалған ысқыштарды, тырналайтын қоспалары бар ыдыс жуу маталарын пайдаланбаңыз. Жұмсақ жуғыш зат пен матаны немесе қағаз сүлгі мен спрей әйнек тазалағышын пайдаланыңыз.
БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ MWD319 MWD320 q МУЛЬТИФУНКЦИОНАЛДЫ ТҰТҚАНЫ БҰРАУ АРҚЫЛЫ қуат деңгейін және функцияны таңдаңыз. w ҚАЛАҒАН ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ ҮШІН РЕТТЕУ сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Пеш автоматты түрде іске қосылады.
ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУДІ КІДІРТУ НЕМЕСЕ ТОҚТАТУ ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУДІ КІДІРТУ ҮШІН Тамақ әзірлеуді тамақты тексеру, аудару немесе араластыру үшін есікті ашу арқылы кідіртуге болады. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН Есікті жабыңыз. Дайындау кідіртілген жерінен жалғасады. ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУДІ ЖАЛҒАСТЫРУ ҚАЖЕТ БОЛМАСА Тамақты алыңыз, реттеу тұтқасын нөлге айналдырыңыз және есікті жабыңыз. МИКРОТОЛҚЫН ҚУАТЫН ТАҢДАУ ҚУАТ MАКС.
ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ КЕСТЕСІ КӨБІРЕК ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ҚАЖЕТ БОЛСА, соғұрлым көп ТАҒАМДЫ АРАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ АУДАРУ уақыт керек болады. Ереже бойынша, екі есе мөлшердегі тамақ үшін екі есе уақыт қажет. ЖЫЛУДЫ жылдам тағамның ортасына таратуға арналған қарапайым және де микротолқынды пеште пісіру режимінде пайдаланылатын әдіс және тағамның шеттерінің күюін болдырмайды. ТАМАҚТЫ ТЕГІС ЕМЕС ПІШІМДЕ немесе қалыңдықта әзірлесеңіз, тамақты жұқалау аймағын табаның ортасына орналастырыңыз себебі ол бөлігі соңында жылиды.
ҚАЙТА ЖЫЛЫТУ КЕСТЕСІ ДӘСТҮРЛІ ТАМАҚ ӘЗІРЛЕУ ӘДІСТЕРІНДЕГІДЕЙ, микротолқынды пеште қайта жылытылған тамақ әрқашан қатты ысығанша жылытылуы қажет. ТАМАҚТЫҢ ҚАЛЫҢДАУ БӨЛІГІ тәрелкенің сырт жағына және жұқалау бөлігі ортасына қарай орналастырылса, ең үздік нәтижелерге қол жеткізіледі. ЕТТІҢ ЖҰҚА ТІЛІМДЕРІН бір-бірінің үстіне немесе кезектестіріп орналастырыңыз. Ет бәліші және шұжықтар сияқты қалыңдау тілімдерді бір-біріне жақындау орналастыру қажет.
ЕРІТУ КЕСТЕСІ ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛЛ ЖОҚ (МЫСАЛЫ, МЕТАЛЛ СЫМ) ПЛАСТИКАЛЫҚ ПАКЕТТЕР, пластикалық таспа немесе картон қаптамалардағы мұздатылған тағамды тікелей пешке салуға болады. ҚАПТАМА ПІШІНІ еріту уақытын өзгертеді. Таяз пакеттер терең блокқа қарағанда жылдам ериді. ЕРИ БАСТАЙТЫНДЫҚТАН тілімдерді бөліңіз. Жеке тілімдер оңайырақ ериді. ТАҒАМ АЙМАҚТАРЫ қыза бастаса, алюминий фольганың кішкентай бөліктерімен ораңыз (мысалы, тауық сандары және қанат ұштары).
ГРИЛЬДЕ ПІСІРУ КЕСТЕСІ* ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫ ТАҒАМДЫ МИКРОТОЛҚЫНДЫ пеште пісірген соң қызартып қуыру үшін өте сәйкес келеді. ТАҒАМДАРДЫ ЖЫЛДАМ қызартып қуыру мақсатында гриль элементіне жақындату үшін, тор тағанды пайдалануға болады. ТОР ТАҒАНДАҒЫ тост және шұжықтар сияқты жіңішке тағамдарды орналастырыңыз және тек грильмен пісіріңіз. ҚЫТЫРЛАҚ ҚАБЫҚША және тауық еті сияқты қалың тағамдарды алдымен микротолқынды пеште пісіріңіз және содан кейін түсін аздап өзгерту үшін, грильдің қуырылуына мүмкіндік беріңіз.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР ҚАЙТА ӨҢДЕУ ТАҢБАСЫМЕН көрсетілгендей, қаптама қорапты толықтай қайта өңдеуге болады. Қоқысқа тастау бойынша жергілікті ережелерді сақтаңыз. Ықтимал қауіпті қаптаманы (пластикалық пакеттер, полистирол, т.б.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ҚҰРЫЛҒЫ Электр және электрон жабдықтың қалдықтару туралы (WEEE) 2002/96/EC Еуропалық директиваға сәйкес белгіленді.
KZ 15
ЕСКЕРТУ ДАЙЫНДАУШЫ ҮНЕМІ БҰЙЫМДЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗЕДІ ЖƏНЕ АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУ ЖАСАУСЫЗ ӨЗГЕРТУ ЕНГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ. ТАУАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ МЕРЗІМІ 5 ЖЫЛ.ДАЙЫНДАЛҒАН КҮНІ ЗАТТАҢБАСЫНДА КЕЛЕСІ ҮЛГІДЕ КӨРСЕТІЛГЕН: ЖЫЛДЫҢ АПТАСЫ (2 САН)/ ЖЫЛ (2 НЕМЕСЕ 4 САН) IEC 60705 СӘЙКЕС. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ КОМИССИЯ әртүрлі микротолқынды пештердің жылыту өнімділігін салыстырмалы түрде сынауға арналған стандартты жетілдірді. Пеш үшін келесілерді ұсынамыз: СЫНАҚ МӨЛШЕР 12.3.1 750 Г 12.3.2 475 Г 12.3.