Қолдану туралы нұсқаулары Ыдыс-аяқ жуатын машина ZDI 311
Біздің бұйымымызды сатып алғаныңыз үшін рахмет айтамыз Сатып алған жаңа бұйымыңызды қолдану арқылы ләззат тілеп, басқа үй бұйымдарын сатып алғыңыз келгенде біздің фирмамыздың бұйымдарына назар аударасыз деп үміттенеміз. Осы қолдану туралы нұсқауларын ықыласпен оқып алып, бұйымның жұмыс істей алатын уақыты бойынша анықтама ретінде сақтаңыз. Қолдану туралы нұсқауларын бұйымды басқа біреуге берген кезде бұйыммен бірге беруіңіз керек.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Пайдаланушыға арналған бұл нұсқауды, ыдыс-аяқ жуғышты орнатып ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен бұйымды дұрыс қолдану мақсатында, ішіндегі кеңестерімен, ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы бұйымды пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың алдын алу үшін,бұйымды пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін функцияларымен жете таныс болуы керек.
• Бұйымды ешқашан өзіңіз жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам жүргізген жөндеу жұмыстары бұйымға зиян келтіреді, не болмаса оның дұрыс жұмыс істемеуіне алып келеді. Өзіңіздің жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз. Әрқашан фирмалық бөлшектермен қамтамасыз етуін талап етіңіз. Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар • Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және көмейді химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін.
• Осы бұйымды орнатуға қатысты электр желісіне, су мен қанализация жүйесіне қосу жұмыстарын, осы салада маманданған әрі білікті адам жүзеге асыруға тиіс. • Қауіпсіздік мақсатында осы бұйымның техникалық сипаттарына өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен өзгертуге болмайды.
Басқару панелі 3 1 2 4 A B 5 1 2 3 4 5 Бағдарламаны таңдаутүймелері Бастауды кідіртутүймесі Анықтағыш шамдар Қосу/Өшірутүймесі Функциятүймелері Параметрлерді орнату күйі Қосу/Өшіру шамы жанып, барлық бағдарламалардың шамдары өшіп тұрған кезде бұйым параметрлерді орнату күйінде тұрады.
• жуу бағдарламасын таңдау • суды жұмсартқышты орнату жағдайларында бұйым параметрлерді орнату күйінде болуы ТИІС. Егер бағдарлама шамы жанып тұрса, онда соңғы орнатылған бағдарлама әлі орнатылып тұр деген сөз. Бұндай жағдайда, бағдарламаны болдырмау қажет: 1. B және C функция түймелерін барлық бағдарлама шамдары өшкен сәтке дейін қатар басып тұрыңыз. 2. B және C функция түймелерін баспай босатыңыз.
Бастауды кідіртутүймесі Бұл параметрдің көмігімен бағдарламаның басталуын 3, 6 немесе 9 сағатқа кідіртуге болады. Кері санақ 3 сағат шамасына кеміп отырады. Жуу бағдарламасын таңдамас бұрын, Қосу/ Өшіру түймесін басып, 3, 6 немесе 9 сағатқа лайықты шам жанғанша, "бастауды кідірту" түймесін баса беріңіз. Қажетті жуу бағдарламасына тиісті түймені басыңыз, кері қарай санау автоматты түрде 3 секундтан кейін басталады. Кері санақ аяқталғаннан соң, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.
Анықтағыш шамдар 3 мүмкіндікке ие 1 функция "3 мүмкіндікке ие 1 функцияның" белсенді күйге көшірілгенін/өшірілгенін ("3 мүмкіндікке ие 1 функция" туралы оқыңыз) көрсетеді. Тұзды қайта толтыру Арнайы тұзбен толтыру қажет болғанда жанады. Бұл тұзбен толтырғаннан кейін бірнеше сағат өшпей тұруы мүмкін. Шаю заттары Арнайы шаю затымен толтыру қажет болғанда жанады. 2) 2) 1) Жуу бағдарламасы таңдалғаннан кейін, осы бағдарламаның кезеңдердіне қатысты анықтағыш шамдар жыпылықтай бастайды.
Бағдарлама 50° Шыны ыдыс 45° Қолданылуы Цикл сипаттамасы Орташа кірленген. Ыдыс-аяқтар мен ас құралдары Алдын ала жуу Негізгі жуу 1 мәрте аралық шаю Соңғы шаю Құрғату Орташа кірленген Тез сынғыш ыдыс-аяқтар мен шыны ыдыстар Негізгі жуу 1 мәрте аралық шаю Соңғы шаю Құрғату "Авто" жуу бағдарламасы "Автоматты түрде" жуу бағдарламасының кезінде ыдысаяқтардың кірлену деңгейі судың қаншалықты лайланғанына қарап анықталады.
• Тұз қорапшасының ішіне 1 литр су құйып, содан кейін оны ыдыс-аяқ жуғышқа арналған тұзбен толтырыңыз. • Шаю заттарына арналған қорапшаны толтырыңыз заттарын пайдаланатын болсаңыз: "3 қасиетке ие 1 зат", "4 қасиетке ие 1 зат", "5 қасиетке ие 1 зат" және т.б.,... "3 мүмкіндікке ие 1 функцияны орнатыңыз" ("3 мүмкіндікке ие 1 функция" бөлімін оқыңыз).
Су қатаңдығы Су қатаңдығын баптауды лайықтап алу Тұзды қолдану °dH °TH ммоль/л қолмен электронды түрде 15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 1 4-ші деңгей иә 11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 1 3-ші деңгей иә 4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 1 2-ші деңгей иә <4 <7 < 0,7 1 1-ші деңгей жоқ Суды жұмсартқыш екі тәсіл арқылы ретке келтірілуі қажет: су қатаңдығы деңгейін өзгертетін цифрлы диск арқылы қолмен өзгертіледі және электронды түрде.
A B C • Ыдыс-аяқ жуғыш электр қуатынан ажыратылған болуы тиіс. Қосу/Өшіру түймесін басып, ыдыс-аяқ жуғышты іске қосыңыз. • B және Cфункция түймелерін A , B және C функция түймелері жыпылықтай бастағанға дейін қатар басып тұрыңыз. • Түймелерді баспай босатып, содан кейін A функциясының түймесін басыңыз; B функциясының шамы жыпылықтап тұрған мезетте, C және A функция шамдары өшіріледі. Осы мезетте бағдарламаның аяқталуы шамы да жыпылықтай бастайды.
Қақпақшаны ашыңыз. Тек бірінші рет тұзбен толтырғанда ғана, тұзға арналған қорапшаға су құйыңыз. Берілген құйғышты пайдалана отырып, қорапшаны тұзбен толтырыңыз. Өте маңызды! Толық бағдарламаны дереу бастаңыз. Өте маңызды! Тұз салынғанда, су қорапшадан ағып кетеді. Шашылып қалған тұзды жинап алыңыз. Қақпақшаны сағат бағытына қарай бұрап, "сырт" етіп жабылып тоқтағанға дейін айналдырыңыз. Өте маңызды! Басқару панеліндегі шам жанғанда, арнайы тұзды үстеп қосыңыз.
Шаю затымен толтыру Қақпақшаны ашыңыз. Шаю затымен толтырыңыз. Шаю затымен толтырудың шегін көрсетеді "max" Төгіліп қалған шаю затын жинап алыңыз. Қақпақшаны орнына қойып, жабылғанға дейін үстінен басыңыз. Өте маңызды! Сақтандыру туралы ескерту! Басқару панеліндегі шам жанғанда, шаю Шаю заттарына арналған қорапшаның ішіне ешбір басқа зат құймаңыз (мысалы, затын үстеп қосыңыз. ыдыс-аяқ жуғышты тазалауға арналған затты, сұйық тазалағыштарды). Бұның бұйымға зиян келтіруі мүмкін.
Қақпақшаны ашыңыз. Мөлшер деңгейін Қақпақшаны қойып, орнатыңыз. (Әдепкі жабылғанға дейін, жағдайда ол 4-ші үстінен басыңыз. орынға орнатылып келеді). Ас құралдарын және тәрелкелерді салу Сорғыштарды, үй тазалау шүберектерін және кез келген су сорғыш бұйымды ыдыс-аяқ жуғышта жууға болмайды. • Ыдыс-аяқтарды салар алдында: – Тамақ қалдықтары мен басқа қалдықтарды ыдыстардан кетіріңіз.
Ыдыс-аяқ жуғышқа келесі ыдыс-аяқтар мен ас құралдарын жууға болмайды: сиымсыз: • Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан • Керамикалық заттарды тек қана ыдыснемесе інжуден жасалған ас аяқ жуғыш машинада жууға болады құралдары. деген өндірушінің белгісі болған жағдайда ғана жуыңыз. • Отқа төзімді емес пластмассадан жасалған заттар. • Жалтыратылған ыдыс-аяқтар, ыдысаяқ жуғышта жиі жуылса өңі қашуы • Отқа төзімді емес ескі және бөліктері мүмкін. желімделіп құрастырылған ас құралдары.
Ас құралдарын салу. Ең жақсы нәтижелерге жету үшін ас құралдары салынатын торды (егер ас құралдарының көлемі тордың мөлшеріне сәйкес болса) қолдануды ұсынамыз Кастрюльдер, шыны аяқтар мен табақтарды салуға ыңғайлы болу үшін төменгі кәрзеңкедегі екі қатар ілгектерді төмендетуге болады. 18 Өткір жүзді не үшкір ұшты пышақтар мен басқа да ас құралдарының саптарын жоғары қаратып орналастырыңыз. Жарақат алу қауіпі бар! Төменгі кәрзеңкені толтыру.
Жоғарғы кәрзеңкені толтыру. Жеңіл заттар (пластмассадан жасалған сауыттар, т.б.) жоғарғы кәрзеңкеге салынып, қозғалмайтындай орнатылуы керек. Ұзын заттарды салу үшін кесе қоятын ілгектерді жоғары қарай жылжытуға болады. Жоғарғы кәрзеңкенің биіктігін лайықтау Тәрелкелерді жоғарғы кәрзеңкеге салу қажет болғанда: оларды кәрзеңкенің артынан бастап орналастырыңыз; оларды алға қарай сәл жантайтып, есікке жақын жерден алысырақ орнату керек. кәрзеңкені жоғары қарай жылжытқаннан кейін астыңғы кәрзеңкеге салыңыз.
Өте маңызды! Кәрзеңке жоғарлатылғаннан соң, ыдысаяқ ілгектерін пайдалана алмайсыз. Жоғарғы кәрзеңкенің алдыңғы дөңгелектерінің тежегіштерін (A) сыртқа жылжытып, кәрзеңкені сыртқа сырғытып шығарыңыз. Кәрзеңкені жоғарыға енгізіп, (A) тежегіштерді орындарына орналастырыңыз. Жуу заттарын пайдалану Өте маңызды! Тек ыдыс-аяқ жуғыштарға арналған жуу заттарын ғана пайдаланыңыз. Жуу заттарын пайдаланғанда өндірушінің затты қосу мөлшеріне Қақпақшаны ашыңыз. 20 және сақтауға қатысты ұсыныстарын орындаңыз.
Алдын ала жуу параметрі бар бағдарламалар үшін B қорапшасын жуу затының қосымша мөлшерімен толтырыңыз. Таблетка пішіндес жуу затын қолданған кезде: таблетка пішіндес жуу затын A қорапшасына салыңыз. Қақпақшаны жабыңыз. "3 мүмкіндікке ие бір функция" A B C Бұл бұйым "3 қасиетке ие 1 таблетканы" қолдануға мүмкіндік беретін "3 мүмкіндікке ие 1 функциямен" жабдықталған. Бұл өнімдер - жуу, шаю және тұзбен жұмсарту тәрізді қасиеттердің барлығын бір өзінде қамтыған жууға арналған заттар.
қорапшалардан қосылуы автоматты түрде тоқтатылады және шаю заты мен тұздың шамдары да өшеді. Жуу бағдарламасы басталмас бұрын, "3 мүмкіндікке ие 1 функцияны" таңдаңыз. "3 мүмкіндікке ие 1 функция" қолданылғанда, цикл ұзақтығы да өзгеруі мүмкін. Бағдарлама басталып кеткеннен соң, "3 мүмкіндікке те 1 функция" параметрін өзгертуге БОЛМАЙДЫ. " 3 мүмкіндікке ие 1 функция" параметрін өшірмекші болсаңыз, орнатылған бағдарламаны тоқтатып, содан кейін "3 мүмкіндікке ие 1 функцияны" өшіріңіз.
6. Шаю затын құюшы құралды қайтадан өшіру үшін жоғарыда берілген нұсқауларды бағдарламаның аяқталуы шамы өшірілгенше орындаңыз. Өте маңызды! Егер қайтадан жуу заттарын қолданудың стандартты жүйесіне көшпекші болсаңыз, біздің берер кеңесіміз: 1. 3 in 1функциясын ажыратып қойыңыз. 2. Тұз бен шаю затына арналған қорапшаларды қайтадан толтырыңыз. 3. Су қатаңдығының ең жоғарғы параметрін орнатып, қалыпты жууға арналған 1 бағдарламаны ыдыс-аяқсыз орындаңыз. 4.
A , B және C сүзгіштерін ағып жатқан суға ұстап тұрып мұқият тазалаңыз. Жалпақ сүзгішті A қайтадан жуу бөлімінің түбіндегі орнына орналастырыңыз және оның екі бағыттауыш жолдың астына дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз D. Тұтқаны сағат бағытына қарсы 1/4 бұраңыз және B мен C сүзгіштерін шығарып алыңыз. A сүзгішін жуу бөлімінің түп жағынан шығарып алыңыз. Сүзгіштерді орнына орналастырып, ұстағышын сағат бағытына қарай тоқтағанша бұраңыз..
еріткіштерді (ацетон, трихлоретилен, т.т.) пайдаланбаңыз. Ішін тазалау Есік айналасындағы резеңкелерді, жуу затына және шаю затына арналған қорапшаларды уақытылы дымқыл матамен тазалап тұрыңыз. Әр 3 ай сайын жуу затын пайдаланып, бірақ ешқандай ыдысаяқ салмай, өте кірленген ыдысаяқты жуу бағдарламасын орындаңыз. Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау Егер бұйымды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз: 1. Бұйымды электр қуаты көзінен ажыратып тастаңыз және суды өшіріп тастаңыз. 2.
утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен хабарласыңыз. Буып-түйетін материал Буып-түйетін материалдар қоршаған ортаға зиян келтірмейді және оларды қайта өңдеуге болады. Пластиқалық құрам бөліктер олардағы белгілер бойынша анықталады, мысалы, >PE<, >PS<, т. б. Буып-түйетін материалдарды аулаңыздағы тиісті қоқыс жәшіктеріне тастаңыз.
Қателер коды және дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары Ыдыс-аяқ жуғыш машина сумен • Су құбырының шүмегі бітеліп қалған толтырылған жоқ. немесе оған қақ тұрып қалған. Су құбырының шүмегін тазалаңыз. • орындалып тұрған бағдарлама шамының ұзақ уақыт жыпылықтауы • Су құбырының шүмегі жабылған. Су құбырының шүмегін ашыңыз. • "Бағдарламаның аяқталуы" анықтағыш шамының 1 рет жыпылықтауы • Су құбыры шүмегіндегі сүзгіш (онымен жабдықталған жуғыштарда) бітеліп қалған.
жерде тоқтап қалған қалса, сол тоқтаған жерінен бастап жалғасады. Егер дұрыс жұмыс істемеу не ақаулық коді қайтадан көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз. Жоғарыда сипатталмаған қателер коді көрсетілсе, жергілікті қызмет көрсету орталығыңызбен хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығымен хабарласқан кезде, машинаның үлгісін (Mod.), өнімнің нөмірін (PNC) және сериялық нөмірін (S.N.) мәлім етіңіз.
Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыс-аяқ сулы және олардың түсі ашылмаған • Шаю заты қолданылмаған. • Шаю заттарына арналған қорапша бос. Ыдыс-аяқтарға жолақ-жолақ сызаттар мен ақшыл таңдақтар түскен немесе шыны ыдыстардың үсті көқшіл тартқан • Шаю затының мөлшерін азайтыңыз. Стакандар мен ыдыстарда құрғап қалған тамшылардың іздері қалған • Шаю затының мөлшерін көбейтіңіз. • Бұның себебі жуу заты болуы мүмкін. Жуу затын өндірушінің тұтынушыларды қолдау бөлімімен хабарласыңыз.
Тұтыну параметрлері Бағдарлама Бағдарламаның ұзақтығы (минөт өлшемімен) Энергияны тұтыну (кВ/с) Су (литр өлшемімен) Өнімді түрде 70° 80-90 1,6-1,8 22-24 АВТО 45° 70° 90-125 1,1-1,6 12-23 65°A30' 30 0,9 9 БИО 50° (Тексеру институттарына арналған сынақ бағдарламасы) 160 1,05 14 Шыны ыдыстар 45° 60-70 0,8-0,9 14-15 Сынақтарды өткізетін мекемелер үшін кеңестер EN 60704ережесіне сәйкес тексеруді өткізу үшін, машина ыдысаяқпен толтырылған болуы керек және тексеру бағдарламасы пайдаланылуы
Жоғарғы кәрзеңке Ас құралдарына арналған кәрзеңке Төменгі кәрзеңке шыны аяқ ілгектері: орын A Орнату Назарыңызда болсын! Осы машинаны орнату үшін керек болған электр және су беру, канализация жүйесіне қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман атқаруы керек. Суға қосылу 60°С) немесе суық сумен істей береді. Дегенмен, біз суық суды пайдалануға кеңес береміз.
Сақтандыру туралы ескерту! Егер бұл бұйым жаңа құбырларға немесе ұзақ уақыт пайдалануда болмаған құбырларға қосылмақ болса, су қабылдайтын шлангты қоспас бұрын, суды бірнеше минөт ағызып қойыңыз. Қорғауыш клапаны бар су қабылдайтын шланг Суды қабылдайтын шлангты 3/4 дюймді сыртқы бұрандасы бар су шүмегіне қосыңыз. Қос қабатты су қабылдайтын шлангты қосып болғаннан соң, қорғауыш клапан шүмектен кейін орналасады. Суды қабылдайтын шлангтан су кетсе, қорғауыш клапан суды беруді тоқтатады.
Жуынды суды канализацияға жіберетін шланг Жуынды суды канализацияға жіберетін шлангты раковинаға қосыңыз. Оны берілген шланг қысқышымен бекітіңіз. Қажетті биіктік: ыдыс-аяқ жуғыш машинаның түбінен 30-100 см биіктікте. Шлангтардың бүгілмегеніне, жаншылмағанына немесе шиеленісіп қалмағанына көз жеткізіңіз. Жуынды суды канализацияға жіберетін шлангты раковинаның астындағы ұстайтын түтікке қосу кезінде, оның сыртындағы пластмасса қабығы (A)тұтастай алынылады.
Электр қуаты көзіне қосылу Сақтандыру туралы ескерту! Қауіпсіздік стандарттарының талабына сәйкес машина жерге қосылған болуы керек. Бұйымды бірінші рет пайдаланар алдында, жергілікті электр қуаты көзінің кернеуі және оның берілу түрі техникалық талаптар тақтайшасында көрсетілген талаптарға сай келетіндігіне көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, сақтандырғыш параметрлерін техникалық талаптар тақтайшасынан табуға болады.
Ыдыс-аяқ жуғыштың ішкі құрам бөлшектеріне қатысты жұмыстар жүргізілгенде оны электр желісінен ажыратып тастаңыз. Машинаны орнатқаннан кейін, жөндеу қажет болған жағдайда қолдау қызметкері оған оңайлықпен қол жеткізуі қажет. Машина дұрыс тіктелсе, оның есігі ашылғанда, шкафтың екі жағында тұтылып қала бермейді. Егер есік дұрыстап жабылмайтын болса, өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны жөндеп тіктеп қойыңыз. (Бұйыммен қоса берілген үлгіні көріңіз).
www.electrolux.