User manual

қорапшалардан қосылуы автоматты
түрде тоқтатылады және шаю заты
мен тұздың шамдары да өшеді.
Жуу бағдарламасы басталмас
бұрын, "3 мүмкіндікке ие 1
функцияны" таңдаңыз.
"3 мүмкіндікке ие 1 функция"
қолданылғанда, цикл ұзақтығы да
өзгеруі мүмкін.
Бағдарлама басталып кеткеннен
соң, "3 мүмкіндікке те 1 функция"
параметрін өзгертуге БОЛМАЙДЫ.
" 3 мүмкіндікке ие 1 функция"
параметрін өшірмекші болсаңыз,
орнатылған бағдарламаны
тоқтатып, содан кейін "3 мүмкіндікке
ие 1 функцияны" өшіріңіз. Бұндай
кездерде, жуу бағдарламасын
(және қалаған параметрлерді)
қайтадан орнатуыңыз қажет.
"3 мүмкіндікке ие 1 функцияны"
белсенді күйге көшіру/өшіру
"3 мүмкіндікке ие 1 функция"
жазуының үстіндегі екі түймені, "3
мүмкіндікке ие 1 функциясының "
анықтағыш шамы жанғанша қатар
басыңыз. Бұл параметрдің белсенді
күйде тұрғандығын білдіреді.
Бұл функцияны белсенді тұрған
күйінен ажырату үшін, осы
түймелерді "3 мүмкіндікке ие 1
функциясының" белгісіне қатысты
анықтағыш шам өшкенше басыңыз.
Өте маңызды!
Егер жуу нәтижелері ойдағыдай
болмаса, біздің берер кеңесіміз:
1. Шаю заттарына арналған
қорапшаны шаю затымен
толтырыңыз.
2. Шаю затын құюшы құралды
белсенді күйге көшіріңіз.
3. Шаю затының қосылатын
мөлшерін 2-ші орынға
орнатыңыз.
Тек "3 мүмкіндікке ие 1 функция"
іске қосылған жағдайда ғана, шаю
затын құюшы құралды белсенді
күйге көшіруге болады.
Шаю затын құюшы
құралды белсенді күйге
көшіру/өшіру
1. Қосу/Өшіру түймесін басыңыз.
Ыдыс-аяқ жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде
тұру керек.
2. B және C түймелерін, A, B, және
C түймелерінің анықтағыш
шамдары жыпылықтағанға дейін
қатар басыңыз.
3. B түймесін бассаңыз, A және C
түймелерінің анықтағыш
шамдары өшеді, ал B түймесінің
анықтағыш шамы жыпылықтап
тұра береді.
4. Шаю затын құюшы құралды
белсенді күйге көшіру үшін B
түймесін қайта басыңыз, осы
мезетте жанған бағдарламаның
аяқталуы шамы, шаю затын
құюшы құралдың белсенді күйге
көшірілгендігін көрсетеді.
5. Осы амалды жадқа енгізу үшін,
қосу/өшіру түймесін басып,
ыдыс-аяқ жуғышты
ажыратыңыз.
22