User manual

6. Шаю затын құюшы құралды
қайтадан өшіру үшін жоғарыда
берілген нұсқауларды
бағдарламаның аяқталуы шамы
өшірілгенше орындаңыз.
Өте маңызды!
Егер қайтадан жуу заттарын
қолданудың стандартты жүйесіне
көшпекші болсаңыз, біздің берер
кеңесіміз:
1. 3 in 1функциясын ажыратып
қойыңыз.
2. Тұз бен шаю затына арналған
қорапшаларды қайтадан
толтырыңыз.
3. Су қатаңдығының ең жоғарғы
параметрін орнатып, қалыпты
жууға арналған 1 бағдарламаны
ыдыс-аяқсыз орындаңыз.
4. Су қатаңдығын аймағыңыздағы
судың қатаңдығына сәйкес
лайықтап алыңыз.
5. Шаю затын қосу мөлшерін
белгілеңіз.
Ыдыс-аяқ жуғышты босату
Қызып тұрған ыдыс-аяқтар сәл
күш түссе сынып кетуі мүмкін.
Сондықтан да ыдыс-аяқтарды
жуғыштан шығармас бұрын
суытып алу керек.
Ең алдымен, төменгі кәрзеңкені,
содан соң жоғарғысын
босатыңыз; сонда төмендегі
ыдыс-аяқтарға жоғарғы
кәрзеңкеден су тамып кетпейді.
Тот баспайтын темір ыдыс-
аяқтарға қарағанда, біртіндеп
суып басылатындықтан, ыдыс-
аяқ жуғыш машинаның
қабырғаларында және есігінде су
пайда болуы мүмкін.
Сақтандыру туралы ескерту!
Жуу бағдарламасы біткен соң,
ыдыс-аяқ жуғышты электр қуаты
көзінен ажыратып тастап, су
құбырының шүмегін өшіріп қоюға
қенес береміз.
Күтім және тазалау
Сүзгіштерді тазалау
Өте маңызды!
Ыдыс-аяқ жуатын машинаны
сүзгішсіз ЕШҚАШАН
пайдаланбаңыз. Сүзгіштерді дұрыс
орналастырмау, жуу нәтижелерінің
ойдағыдай болмауына себеп
болады.
23