User manual

утилизациясы туралы көбірек
білуіңіз үшін жергілікті
әкімшілігіңізбен, қалдықтарды
жинап әкететін мекемеңізбен
немесе осы бұйымды Өзіңізге
сатқан дүкенімен хабарласыңыз.
Буып-түйетін материал
Буып-түйетін материалдар
қоршаған ортаға зиян келтірмейді
және оларды қайта өңдеуге болады.
Пластиқалық құрам бөліктер
олардағы белгілер бойынша
анықталады, мысалы, >PE<, >PS<,
т. б. Буып-түйетін материалдарды
аулаңыздағы тиісті қоқыс
жәшіктеріне тастаңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Машина пайдалануға жарамсыз
болып табылғанда:
Машинаны электр қуаты көзінен
ажыратып тастаңыз.
Кабельді кесіп алып, оны қоқыс
жәшігіне тастаңыз.
Есік ілмегін алып тастаңыз. Бұл
балалардың машина ішіне кіріп
қалып, өз-өзін жауып қойғаннан,
яғни олардың өмірлеріне қауіп
тудырудан сақтайды.
Машина істемей тұр
Ыдыс-аяқ жуғыш машина жұмысын
бастамай жатыр немесе жұмыс
істеп тұрған кезде тоқтап қалады.
Кейбір мәселелер қарапайым
техникалық қызмет
көрсетілмегендіктен не бақылаудың
жеткіліксіздігінен пайда
болатындықтан, оларды арнаулы
маманды шақырмастан-ақ,
кестелердегі нұсқауларды
қолданып шешуге болады.
Ыдыс-аяқ жуғыш машинаны
өшіріңіз, оның есігін ашып, келесі
реттеуші әрекеттерді орындаңыз.
26