User manual

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Пайдаланушыға арналған бұл
нұсқауды, ыдыс-аяқ жуғышты
орнатып ең алғаш пайдаланбас
бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен
бұйымды дұрыс қолдану
мақсатында, ішіндегі кеңестерімен,
ескертулеріне назар салып оқып
шығыңыз. Осы бұйымды
пайдаланатын адамдардың
барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен
тұрмыстық апаттардың алдын алу
үшін,бұйымды пайдалану
тәсілдерімен және қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін
функцияларымен жете таныс болуы
керек. Осы қолдану туралы
нұсқауларды сақтап қойыңыз және
ыдыс-аяқ жуғышты басқа
адамдарға бергеніңізде немесе
сатқаныңызда, оны пайдаланатын
әрбір адамның, бұйымның
қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін
оған қатысты пайдалану және
қауіпсіздік шараларынан хабардар
болуы үшін нұсқауларды қоса
беруді ұмытпаңыз.
Бұйымды дұрыс
пайдалану
Бұл ыдыс-аяқ жуғыш тек қана
үйде пайдаланатын ыдыс-
аяқтарды жууға арналған.
Ыдыс-аяқ жуғышқа ешқандай
еріткіштерді салмаңыз. Ол
бұйымның жарылып кетуіне алып
келуі мүмкін.
Пышақтар және басқа да үшкір
заттарды ас құралдарына
арналған кәрзеңкеге өткір
ұштарын төмен қаратып салып,
не болмаса жоғарыда орналасқан
кәрзеңкеге көлденең жатқыза
салу қажет.
Ыдыс-аяқ жуғыштарда
пайдалануға арналған өнімдерді
(жуғыш ұнтақтарды, тұз және
шайғыш заттарды) ғана
қолданыңыз.
Бұйым жұмыс істеп тұрған кезде
ыстық бу шығып кетпес үшін есігін
ашпаңыз.
Ыдыс жуу циклы аяқталғанға
дейін ешбір ыдысты ыдыс-аяқ
жуғыштан алуға болмайды.
Бұйымды пайдаланып болғаннан
соң, оны электр қуаты көзінен
ажыратып және судың берілуін
тоқтатыңыз.
Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек
қызмет көрсетуге арналған
рұқсатқа ие маман жүзеге асыру
керек, және бұйымның нағыз өз
бөлшектері ғана пайдаланылуы
тиіс.
3