User manual

Сақтандыру туралы ескерту!
Егер бұл бұйым жаңа құбырларға
немесе ұзақ уақыт пайдалануда
болмаған құбырларға қосылмақ
болса, су қабылдайтын шлангты
қоспас бұрын, суды бірнеше минөт
ағызып қойыңыз.
Қорғауыш клапаны бар су
қабылдайтын шланг
Суды қабылдайтын шлангты 3/4
дюймді сыртқы бұрандасы бар су
шүмегіне қосыңыз.
Қос қабатты су қабылдайтын
шлангты қосып болғаннан соң,
қорғауыш клапан шүмектен кейін
орналасады.
Суды қабылдайтын шлангтан су
кетсе, қорғауыш клапан суды беруді
тоқтатады.
Назарыңызда болсын!
Қорғауыш клапанға келетін электр
тоғының сымы қос қабатты
шлангтың ішіне енгізілген және бұл
электр сымы кернеулі.
Сондықтан да су қабылдайтын
шланг немесе қорғауыш клапанды
суға батырмаңыз.
Су қабылдайтын шлангты орнатқан
кезде, келесілерге назар
аударыңыз
. Су қабылдайтын шлангты әрқашан
қорғауыш клапанның астыңғы
қырынан төменірек
орналастырыңыз.
Егер су қабылдайтын құбыр немесе
қорғауыш клапан бұзылса,
машинаны электр қуаты көзінен
дереу ажыратыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Қорғауыш клапаны бар су
қабылдайтын шлангты жергілікті
қызмет көрсету орталығының
қызметкері ауыстырып беруі ТИІС.
32