User manual

Жуынды суды канализацияға жіберетін шланг
Жуынды суды
канализацияға
жіберетін шлангты
раковинаға
қосыңыз. Оны
берілген шланг
қысқышымен
бекітіңіз.
Қажетті биіктік:
ыдыс-аяқ жуғыш
машинаның түбінен
30-100 см биіктікте.
Шлангтардың
бүгілмегеніне,
жаншылмағанына
немесе шиеленісіп
қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Жуынды суды
канализацияға
жіберетін шлангты
раковинаның
астындағы
ұстайтын түтікке
қосу кезінде, оның
сыртындағы
пластмасса қабығы
(A)тұтастай
алынылады. Егер
осылай істемесеңіз,
тамақ қалдықтары
біртіндеп суды
канализацияға
жіберетін шлангты
қосатын түтікті
толтырып қоюы
мүмкін.
Егер сіз канализация шлангын
ұзартқышты қолданып отырсаңыз,
оның жалпы ұзындығы 4 метрден
артық болмауы қажет. Канализация
құбырына қосылу үшін
пайдалынатын муфталардың ішкі
диаметрі машинамен бірге келетін
шлангтың диаметрінен кем
болмауы керек.
33