User manual

Электр қуаты көзіне
қосылу
Сақтандыру туралы ескерту!
Қауіпсіздік стандарттарының
талабына сәйкес машина жерге
қосылған болуы керек.
Бұйымды бірінші рет пайдаланар
алдында, жергілікті электр қуаты
көзінің кернеуі және оның берілу
түрі техникалық талаптар
тақтайшасында көрсетілген
талаптарға сай келетіндігіне көз
жеткізіңіз.
Сонымен қатар, сақтандырғыш
параметрлерін техникалық
талаптар тақтайшасынан табуға
болады.
Электр желісіне қосқышты әрқашан
тұйықталудан сақтандырылған,
дұрыс орнатылған розеткаға
қосыңыз. Бірнеше құрылғыларды
тоқ көзінен қоректендіретін
қосқыштарды, біріктіргіштерді және
ұзартқыш кабельдерді пайдалануға
болмайды.
Олар қызып кетіп, өрт шығу қаупін
тудыруы мүмкін.
Егер қажет болса, үйіңіздегі электр
желісін, розетканы ауыстырып
алыңыз. Егер электр кабелін
ауыстыру қажет болса, жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Бұйымды орнатып болғаннан кейін,
қосқыш қол жететін жерде болуы
керек.
Қосқышты электр желісінен
ажыртау үшін ешқашан оның
сымынан тартпаңыз. Әрдайым
қосқышты қолмен тартып
шығарыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық
шаралары жүзеге
асырылмағандықтан орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты
болмайды.
Үстелдің астына
орналастыру
Өте маңызды!
Ыдыс-аяқ жуғышты жиһаздың ішіне
орнатып, жиһаз панелін
орналастыру туралы қосымша
үлгіде берілген нұсқауларды
қолданыңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс-аяқ жуғышты жантаюдан
сақтаңыз.
Дегенмен, ыдыс-аяқ жуғышты
қаптап орнатылған панельдің
(көршілес ас үй жиһазына,
қабырғаға) берік жанастырыла
орнатылғандығына көз жеткізіңіз.
Бұл ыдыс-аяқ жуғыш машина
үстелдің астында орналастыруға
лайықтап жасалған.
Суды беру, суды канализацияға
жіберу және электр желісіне қосу
сияқты негізгі жүйелерді жиһаз
қабырғасынан сыртқа өткізетін
тесіктерден басқа ешбір тесікті ойып
орнатудың қажеті жоқ.
Биіктікті орнату үшін машинаның
аяқтарын пайдаланыңыз.
34