User manual

Бұйымды ешқашан өзіңіз
жөндемеңіз. Тәжірибесіз адам
жүргізген жөндеу жұмыстары
бұйымға зиян келтіреді, не
болмаса оның дұрыс жұмыс
істемеуіне алып келеді. Өзіңіздің
жергілікті қызмет көрсету
орталығыңызбен хабарласыңыз.
Әрқашан фирмалық
бөлшектермен қамтамасыз етуін
талап етіңіз.
Жалпы қауіпсіздік туралы
мағлұматтар
Тазалауға арналған заттар көз
бен ауыз қуысын және көмейді
химиялық күйікке шалдықтыруы
мүмкін. Бұндай жағдайдың
өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін!
Ыдыс-аяқ жуғыштарға арналған
жуу заттарын өндірушінің
қауіпсіздік туралы нұсқауларын
орындаңыз.
Ыдыс-аяқ жуатын машинадағы су
ішуге жарамсыз. Бұйымның
ішінде жуу заттарының
қалдықтары әлі де бар болуы
мүмкін.
Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі, егер
оның ішіне ыдыстарды салып не
оларды алып жатпасаңыз,
әрдайым жабық болуы керек.
Осылай істесеңіз, кез келген
адамның ашылып тұрған есікке
сүрініп-шалынып, бір жерін
жарақаттап алуына жол
бермейсіз.
Ашық тұрған есіктің үстіне
отыруға немесе үстіне шығып
тұруға болмайды.
Бала қауіпсіздігі
Бұл бұйым тек қана ересек
адамдардың пайдалануына
арналған. Балаларға үлкендердің
қарауынсыз ыдыс-аяқ жуғышты
пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Бұйымның орауыштары мен
қорабын балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Тұншығып кету қауіпі бар.
Барлық жуу заттарын
балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Ыдыс-аяқ жуғыштың есігі ашық
тұрған кезде балалардың жақын
келуіне жол бермеңіз.
Орнату
Ыдыс-аяқ жуғышты көлікпен
тасымалдау барысында ешбір
жерінің бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз. Бұзылған бұйымды
ешқашан электр желісінің көзіне
қоспаңыз. Ыдыс-аяқ жуғышыңыз
бүлініп қалса, бұйымды сатып
алған сатушыңызбен
хабарласыңыз.
Қолданардан бұрын оның барлық
орауыштары мен қорабын алып
тастауыңыз қажет.
4