User manual

Осы бұйымды орнатуға қатысты
электр желісіне, су мен
қанализация жүйесіне қосу
жұмыстарын, осы салада
маманданған әрі білікті адам
жүзеге асыруға тиіс.
Қауіпсіздік мақсатында осы
бұйымның техникалық
сипаттарына өзгерістер кіргізіп
немесе өнімнің өзін қандай да бір
болмасын жолмен өзгертуге
болмайды.
Электр кабелі ақаулыққа
ұшырағанда немесе су шлангысы
бүлінген жағдайда; немесе
басқару панелі, үстіндегі жұмыс
алаңы не ең астыңғы қатары
бұзылып қалып, оның ішкі жағы
ашық қалған жағдайда машинаны
ешқашан пайдаланбаңыз. Қауіп-
қатерді болдырмау үшін жергілікті
қызмет көрсету орталығымен
хабарласыңыз.
Гидравликалық және электрлік
құрам бөліктерге зиян келтірмес
үшін ыдыс-аяқ жуғыштың
қабырғаларын ешқашан
бұрғымен теспеңіз.
Назарыңызда болсын!
Электр қуаты көзіне және су
құбырына қосу үшін, арнайы
бөлімдерде берілген нұсқауларды
мұқият орындаңыз.
5