User manual

Жарақат алып не ашық тұрған есікке
соғылып қалмас үшін құрылғыны
пайдаланбаған кезде есігін әрқашан
жауып қойыңыз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз
не үстіне шықпаңыз.
Бала қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана
қолдануға тиіс. Балаларды құрылғымен
ойнап қоймас үшін қадағалап отыру
қажет.
Орам материалдарының барлығын
балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып
кету қаупі бар.
Жуғыш заттардың барлығын сенімді
жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш
затқа жолауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғы есігі ашық тұрған кезде
балаларды алыс ұстаңыз.
Орнату
Тасымалдау кезінде құрылғының еш
жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан
қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам
материалдарының барлығын алыңыз.
•Құрылғыны электр желісіне білікті әрі
уәкілетті маман қосуға тиіс.
Құрылғыны құбыр желісіне білікті әрі
уәкілетті маман қосуға тиіс.
Бұл өнімнің құрылымын бұзбаңыз, оған
еш өзгерту енгізбеңіз. Жарақат
алуыңыз және құрылғыға нұқсан келуі
мүмкін.
Құрылғыны пайдаланбаңыз, егер:
электр сымы не су құятын, төгетін
түтікшелері зақымдалса,
басқару панелі, жұмыс алаңы не
қабырғасына нұқсан келіп
құрылғының ішкі жағы қол
жетерліктей ашық қалса.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының гидравликалық не электр
бөлшектеріне зақым келмес үшін оның
қабырғасын бұрғымен теспеңіз.
Назарыңызда болсын! Электр және
су жүйелеріне қосқан кезде
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Бұйым сипаттамасы
19