User manual

1. Жуғыш таблетканың аймағыңыздағы
судың кермектігіне сай келетінін
тексеріңіз. Өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
2. Су кермектігі мен шайғыш зат
мөлшерін ең төменгі деңгейге
қойыңыз.
Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырудың қажеті жоқ.
Құрғату нәтижесі қанағаттандырмаса
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш
заттан салыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші
орынға қойыңыз.
Жуғыш ұнтақты қайта пайдалану үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішін толтырыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең жоғарғы
деңгейге қойыңыз.
3. Жуу бағдарламасын еш ыдыссыз
орындаңыз.
4. Су жұмсартқышты баптаңыз. 'Су
жұмсартқышты орнату' тарауын
қараңыз.
5. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
белгілеңіз.
Әртүрлі фирма өндірген жуғыш
заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді.
Кей жуғыш заттарды қысқа мерзімді жуу
бағдарламасы үшін қолданғанда нәтижесі
сондай жақсы болмайды. Таблеткаларды
жуғыш зат әбден жуылып кету үшін ұзақ
жуу бағдарламасы үшін таңдаңыз.
Жуу программасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасын есікті
ашыңқырап қойып орнатыңыз. Жуу
бағдарламасы тек есік жабылған соң ғана
басталады. Осыған дейін параметрлерді
өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасын орнатып, бастау үшін
мына қадамдарды орындаңыз:
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін
басыңыз. 'Жуу бағдарламалары'
тарауын қараңыз.
Бағдарламаның анықтағыш шамы
жанады.
4. Есікті жабыңыз.
Жуу бағдарламасы басталады.
Жуу бағдарламасы орындалып
тұрған кезде бағдарламаны өзгерте
алмайсыз. Жуу бағдарламасын біржола
тоқтатыңыз.
Назарыңызда болсын! Жуу
бағдарламасын тек қажет жағдайда
ғана үзіңіз не біржола тоқтатыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Есікті
абайлап ашыңыз. Ыстық бу шығып
кетуі мүмкін.
Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
1. B және C функция түймешіктерін
барлық бағдарламалардың шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
2. Жуу бағдарламасын біржола тоқтату
үшін B және C функция түймешіктерін
босатыңыз.
Осы кезде мына қадамдарды орындауға
болады:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Жаңа жуу бағдарламасын орнатпай тұрып
жуғыш зат үлестіргішке жуғыш заттан
салыңыз.
Жуу бағдарламасын үзу
Есікті ашыңыз.
28