User manual

Бағдарлама тоқтайды.
Есікті жабыңыз.
Бағдарлама үзілген жерінен бастап
жалғасады.
Бағдарламаға кешіктіріп бастау
функциясын қосып орнату және
бастау
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Бағдарламаның анықтағыш шамы
жанады.
3. Кешіктіріп бастау функциясының
шамын дұрыс сағат мәнін көрсететін
анықтағыш шам жыпылықтай
бастағанша басыңыз (3, 6 не 9 сағат).
4. Есікті жабыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағы басталады.
Кешіктіріп бастау функциясының
кері санағы 3 сағаттық қадам
бойынша кеми бастайды.
Кері санақ аяқталған кезде жуу
бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кері санақ тоқтап қалмас үшін кері
санақ орындалып тұрған кезде есікті
ашпаңыз. Есікті қайта жапқан кезде кері
санақ тоқтаған жерінен бастап
жалғасады.
Кешіктіріп бастау функциясын
болдырмау:
1. B және C функция түймешіктерін
барлық бағдарламалардың шамдары
жанғанша басып ұстап тұрыңыз.
–Кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатқан кезде жуу
бағдарламасы да тоқтайды.
2. Жаңа жуу бағдарламасын орнатыңыз.
Жуу бағдарламасының соңы
Құрылғыны төмендегі жағдайларда
өшіріңіз:
Құрылғы автоматты түрде тоқтағанда.
Бағдарлама соңына келгенде дыбысты
сигналдар қосылса.
1. Есікті ашыңыз.
Соңы анықтағыш шамы жанады.
Бағдарламаның анықтағыш шамы
жанған қалпы тұрады.
2. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз.
3. Құрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті
ыдыстарды шығармай тұрып бірнеше
минут ашып қойыңыз.
Ыдыстарды машинадан алмай тұрып
суытып алу үшін қоя тұрыңыз. Ыстық
ыдыс осал келеді.
Ыдыс-аяқтарды алу
Алдымен астыңғы себеттегі, содан соң
үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.
Құрылғының қабырғасы мен есігі
суланып тұруы мүмкін. Тоттанбайтын
болат, ыдыстарға қарағанда тез суып
қалуы мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
өшіріп барып тазалаңыз.
Сүзгілерді тазалау
Өте маңызды! Құрылғыны еш сүзгісіз
пайдаланбаңыз. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс
орнатсаңыз жуу нәтижелері
қанағаттанғысыз болып, құрылғыға
нұқсан келуі мүмкін.
29