User manual

3
4
Ішкі диаметрі түтікше диаметрінен кіші
болмауға тиіс.
Су төгетін түтікшені раковинаның
астындағы түтікке түйістіру үшін пластик
қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз
ас қалдықтары раковина түтігін толтырып
қояды.
Сақтандыру туралы ескерту! Су
қосылымдарының су ағып
кетпейтіндей берік жалғанғандығын
тексеріңіз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Бұл
нұсқауларды орындамасаңыз,
салдарына өндіруші жауапты емес.
Құрылғыны қауіпсіздік ережелеріне сай
жерге қосыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
кернеу мен қуат мәндерінің жергілікті
желідегі кернеу мен қуатқа сай
келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
пайдаланыңыз.
Көп-көзді ашаларды, жалғастырғыштар
мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Өрт шығу қатері бар.
Қорек сымын өзіңіз ауыстырмаңыз.
Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны орнатып болған соң аша қол
оңай жететін жерде тұруға тиіс.
Құрылғыны сымынан тартып өшірмеңіз.
Әрқашан ашасынан ұстап өшіріңіз.
35