User manual
Сағат функциясы Қолданылуы
Тəулік уақыты Уақытты көрсетеді. Уақытты орнатуға, өзгертуге немесе
тексеруге арналған.
Минут
операторы
Кері санақ уақытын орнатуға арналған.
Уақыт біткен кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Бұл функция пештің қызметіне əсер етпейді.
Ұзақтығы Пештің қаншалықты ұзақ жұмыс істеуге тиіс екенін
көрсетуге арналған.
Соңы Пеш функциясын өшіру уақытын орнатуға арналған.
Ұзақтық пен Соңы функциясын, пеш кейінірек автоматты түрде
қосылып не ажыратылуға тиіс болса қатар пайдалануға болады. Бұндай
жағдайда алдымен Ұзақтық
параметрін, содан кейін Соңы
параметрін орнатыңыз.
Сағат функцияларын біржола тоқтату
1. Таңдағыш түймешікті қажетті функцияның шамы жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
2. "-" түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
Бірнеше секундтан кейін сағат функциясы өшеді.
Есіктің бекітпесі
Құрылғы зауыттан келгенде есігі бекітілмей келеді.
Есіктің бекітпесін салу: Есіктің
бекітпесін өз орнына келгенше алға
қарай тартыңыз.
Есіктің бекітпесін ашу: Есіктің
бекітпесін панельге қарай басыңыз.
Құрылғының есігін ашу:
1. Есіктің бекітпесін басып ұстап
тұрыңыз.
2. Есікті ашыңыз.
Құрылғының есігін жапқан кезде
бекітпесін баспаңыз!
Құрылғыны өшіргенде оның есігінің
механикалық бекітпесі қоса
ажырамайды.
Əркүндік қолдану 11