User manual
Тағам Жібіту уақыты
(мин.)
Қосымша жібіту
уақыты (мин.)
Түсіндірме
Кілегей, 2 x 200 г 80-100 10-15 Кілегейдің кейбір
жерлері сəл
тоңазыса да, оны
шайқауға болады
Печенье, 1400 г 60 60 -------
Акриламидтер бойынша ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми мəліметтерге сəйкес, тағамды (əсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде, акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін.Сондықтан, біз тағамды ең төмен температурада пісіруді
жəне тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға
батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін əдетте қолданылатын жуғыш заттармен
тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін əр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз.
Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға
батырылған шүберекпен) бəрін əр пайдаланып болған сайын тазалаңыз
да, құрғатыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш
затпен, өткір қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз. Бұл оның ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін, тұмшапештің төбесіндегі
қыздырғыш элементті төмен жиып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Қыздырғыш элементті құрылғыны өшіргеннен кейін ғана төмен жию керек.
Құрылғының суығанына көз жеткізіп алыңыз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Күту менен тазалау
27