User manual
Маңызды! Сырғытпа жолдардың доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап
тұруға тиіс!
Пеш шамы
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар!
Пештің шамын ауыстырар алдында:
• Пешті өшіріңіз.
• Сақтандырғыш қорапшасындағы сақтандырғыштарды немесе айырып-
қосқышты алыңыз.
Пештің шамы мен шамының қалпағына нұқсан келмес үшін пештің
табанына шүберек төсеңіз.
Пештің шамын айырбастау/шыны қалпағын тазалау
1. Шыны қалпағын сағат бағытына қарсы бұраңыз да, ағытып алыңыз.
2. Шыны қалпағын тазалаңыз.
3. Пештің шамын 300°C градустық қызуға төзімді, сай келетін шамға
айырбастаңыз.
4. Шыны қалпақты орнына қойыңыз.
Пештің есігі мен шыны панельдері
Пештің есігін тазалау үшін оны шешіп алыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Пештің есігін ағытып алу
1. Пештің есігін барынша кең ашыңыз.
2. Есіктің қос топсасындағы
ысырмаларды (A) барынша
жоғары көтеріңіз.
A
A
Күту менен тазалау 29