User manual
3. Пештің есігін оның бастапқы
қалпына дейін жабыңыз
(шамамен 45°).
4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра
ұстап тұрып, жоғары көтеріп
тартып шығарыңыз.
Есіктің бетіне сызат түспес үшін оның
сыртқы бетін жұмсақ əрі тегіс жерге
қаратып салыңыз
5. Енді ішкі шыны панельдерін алып,
тазалауыңызға болады.
Есікті орнату үшін осы əрекеттерді кері ретпен жасаңыз.
Пештің есігінде 2, 3 немесе 4 (үлгі түріне байланысты) шыны панель бар.
Есіктің шыны панельдерін алу жəне тазалау
1. Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату
үшін ішке қарай басыңыз.
2. Есікті алу үшін оның жақтаушасын
алға қарай тартыңыз.
3. Есіктің шыны панельдерін бағыттағыштан шығару үшін үстіңгі жағынан
ұстап, бір-бірден жоғары тартып
шығарыңыз
4. Есіктің шыны панельдерін тазалаңыз.
Есіктің панельдерін орнату үшін əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Алдымен кішірек панельді, содан кейін үлкен панельді орнатыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
45°
B
30 Не істерсіңіз, егер...