User manual
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік
беретін оқшаулағыш құралмен жабдықталуға тиіс. Оқшаулағыш
құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан қорғау тетіктері мен
тұйықтағыштар.
• Орнатардың алдында ас үй жиһазы мен құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум арақашықтықты сақтаңыз.
• Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға болмайды.
• Кіріктірілген пештер мен пештің үсті, арнаулы қосылым жүйелерінің
көмегімен орнатылады. Құрылғыға нұқсан келмес үшін, тек бір өндіруші
өндірген
құрылғыларды ғана бірге пайдаланыңыз.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған
розетканы қолданыңыз.
• Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды
қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан
(егер болса) тартып ажыратыңыз.
Қолдану
• Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл адамның
жарақаттануына немесе мүлікке зиян келуіне жол бермеу үшін қажет.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар
. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.
Керек-жарақтары мен кəстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.
• Пештің эмалін бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алған немесе
салған кезде абай болыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, əрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
4 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар