User manual
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз жəне оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
• Эмаль қаптаманың түсінің кетуі құрылғының жұмысына еш əсер етпейді,
сондықтан да бұл кепілдік
заңы бойынша қарастырылатын жағдай емес.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
• Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де құрылғы есігін əрқашан
жауып отыру қажет.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны жөндердің алдында сөндіріп, электр желісінен ағытыңыз.
• Жөндердің алдында құрылғының салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы мүмкін.
• Құрылғыны мерзімді түрде тазаласаңыз, оның бетінің сапасы түспейді.
• Өте сұйық қоспадан жасалған
торттарды пісірген кезде, жеміс шырыны
кетпейтін дақ қалдырмас үшін терең пісіру науаларын қолданыңыз.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін,
құрылғыны тек су мен сабынды қолданып тазалаңыз. Тұтанғыш заттар
немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары қысыммен тазалайтын құралдар,
өткір, түрпілі тазалағыш заттар, түрпілі жөке жəне
дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
Өрт қатері
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз
.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5