BS7304021 KK ТҰМШАПЕШ ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАРЫ
ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптеген жылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алға мақсат етіп қоя отырып, үздік технологияға негізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесе бермейтін функциялармен жабдықталған, мінсіз жұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз. Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғының мүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
Мазмұны 3 МАЗМҰНЫ 4 8 10 11 13 17 19 21 23 26 30 31 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Бұйым сипаттамасы Бірінші қолданғанға дейін Басқару панелі Әркүндік қолдану Сағат фунциялары Автоматты бағдарламалар Керек-жарақтарды қолдану Қосымша функциялар Күту менен тазалау Не істерсіңіз, егер... Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Осы қолдану туралы нұсқауларда астыда көрсетілген белгілер қолданылады: Өзіңіздің жеке бас қауіпсіздігіңіз менен бұйымды бұзылдырмай қолдану туралы мағлұматтар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Құрылғыны орнатып, іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: • Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін • Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін • Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін. Осы нұсқаулықты әрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге қалдырыңыз. Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 5 • Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан ұстап көтермеңіз. • Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабдықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар • Пештің эмалін бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алған немесе салған кезде абай болыңыз. • Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 7 • Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды және/ немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне қоймаңыз. Буға пісіру • Тағамды буға пісіру кезінде пеш есігін ешқашан ашпаңыз. Бу шығып кетуі мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар. Будың құрылғы бөлшектеріне зиян келтіру қаупі бар.
Бұйым сипаттамасы БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ Жалпы шолу 2 3 1 4 5 6 5 4 11 3 7 2 8 1 9 10 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Басқару панелі Электрондық бағдарламалағыш Су сауыты Ішкі температура сенсорлық құралының розеткасы Қыздырғыш элемент Тұмшапеш шамы Желдеткіш Артқы қабырғадағы қыздырғыш элемент Бу генераторы Сөренің алмалы сырғытпалары Сөрелердің орналасуы
Бұйым сипаттамасы Тұмшапештің керек-жарақтары • Торкөз сөре Ыдыс, торт қалыптарын қоюға, тағам қуыруға арналған. • Пісірме табақ Торттар мен печеньелерге арналған. • Гриль / қуыру науасы Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын таба ретінде қолдануға арналған. • Буға пісіру жабдығы Тесіктері жоқ және тесіктері бар ыдыстар.
Бірінші қолданғанға дейін • Жөке 150 Бу генераторында қалған суды сіңіруге арналған. • Ішкі температура сенсоры Тағамның қаншалықты піскенін тексеруге арналған. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз. Алғашқы тазалау • Құрылғы ішіндегі керек-жарақтардың барлығын алыңыз. • Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында тазалаңыз. "Күтіп ұстау және тазалау" тарауын қараңыз.
Басқару панелі 11 Тәулік уақытын өзгерту Тәулік уақытын тек құрылғы сөніп тұрса ғана өзгерте аласыз. басыңыз. Бейнебетте жыпылықтайды. Жаңа тәулік уақытын орнату үшін жоғарыда көрсетілген әрекетті орындаңыз. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ Электрондық бағдарламалағыш 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Құрылғыны іске қосу үшін сенсорлық өрістерді пайдаланыңыз. 1 Сенсорлық өріс Функциясы - БЕЙНЕБЕТ Сипаттама Құрылғының ағымдық параметрін көрсетеді. 2 ҚОСУ/ӨШІРУ Құрылғыны іске қосуға және сөндіруге арналған.
Басқару панелі Сенсорлық өріс Функциясы Сипаттама 7 OK Таңдау немесе параметрді құптау үшін қолданылады. 8 ТҰМШАПЕШТІҢ ШАМЫ 9 САҒАТ Сағат функциясын орнатуға арналған. 10 МИНУТ ОПЕРАТОРЫ Минут операторын орнатуға арналған. Тұмшапештің шамын қосуға немесе сөндіруге арналған.
Әркүндік қолдану Белгішел ер Атауы 13 Сипаттама Температура / жылдам қыздыру Функция жұмыс істейді. Температура Температураны тексеруге немесе өзгертуге болады. Ішкі температура сенсоры Ішкі температура сенсоры, ішкі температура сенсорының розеткасында. Тұмшапештің жарығы Шам сөндірулі. Минут операторы Минут операторы функциясы жұмыс істейді. Қыздыру индикаторы Егер тұмшапеш функциясын орнатсаңыз, бейнебеттегі жолақтар бірінен кейін бірі жанады.
Әркүндік қолдану Тұмшапеш функциялары Тұмшапеш функциясы Қолданылуы 1 Толық бу Көкөніс, балық, картоп, күріш, макарон немесе арнайы тағам қосымшаларын пісіруге арналған. 2 Жартылай бу + Қызу Ылғалдылығы жоғары тағамдарды пісіруге және балық, қайнатпа крем, құс етін дайындауға арналған. 3 Шала бу + Қызу Нан пісіруге, құс етінің үлкен кесектерін қуыруға немесе тоңазытылған және мұздатылған тағамдарды жылытуға арналған.
Әркүндік қолдану Тұмшапеш функциясы 16 Астыңғы қызу 17 ЭКО қуыру 18 Бумен тазалау 15 Қолданылуы Торттың түбін қытырлақ етіп пісіруге және тағам консервлеуге арналған. ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты барынша тиімді жұмсауға көмектеседі. Бұл үшін әуелі пісіру уақытын орнату керек. Ұсынылатын параметрлер туралы қосымша ақпаратты, пісіру кестелеріндегі тиісті тұмшапеш функцияларынан қараңыз. Тұмшапештің ішін бумен тазалауға арналған.
Әркүндік қолдану Буға пісіру 1. Басқару панеліндегі су сауытына су (800 мл) құйыңыз. Су шамамен 40 минут беріледі. 2. Құрылғыны іске қосыңыз. 3. Бу функциясын ("Тұмшапеш функциясы" тарауын қараңыз) және температураны орнатыңыз. 4. ҰЗАҚТЫҚ немесе АЯҚТАУ функциясын орнату үшін түймешігін басыңыз ("АЯҚТАУ функциясын орнату" немесе "ҰЗАҚТЫҚ функциясын орнату" тармақтарын қараңыз). Бу алғаш рет шамамен екі минуттан кейін шығады. Температура шамен 96°C градусқа жеткенде дыбыстық сигнал естіледі.
Сағат фунциялары 17 САҒАТ ФУНЦИЯЛАРЫ БЕЛГІШЕ ФУНКЦИЯ СИПАТТАМАСЫ САНАҚ ТАЙМЕРІ Санақ мәнін орнатуға арналған. Бұл функция құрылғының қанша уақыт жұмыс істейтінін көрсетеді. Бұл функция құрылғының жұмысына әсер етпейді. ТӘУЛІК УАҚЫТЫ Тәулік уақытын тексеруге арналған. Тәулік уақытын өзгерту үшін 'Тәулік уақытын орнату' тарауын қараңыз. ҰЗАҚТЫҚ Құрылғының жұмыс істеу уақытын орнатуға арналған. АЯҚТАУ Құрылғыны сөндіру уақытын орнатуға арналған.
Сағат фунциялары 7. Құрылғыны сөндіріңіз. АЯҚТАУ функциясын орнату 1. Құрылғыны іске қосыңыз да, тұмшапештің функциясы мен температурасын орнатыңыз. түймешігін бейнебетте көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз. 2. Бейнебетте жыпылықтайды. 3. АЯҚТАУ функциясын (алдымен минутты, содан кейін сағатты орнатыңыз) орнату немесе қолданып, құптау үшін немесе қолданыңыз. үшін 4. Орнатылған уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал екі минут естіледі. Бейнебетте белгішесі мен уақыт параметрі жыпылықтайды. Құрылғы сөнеді.
Автоматты бағдарламалар 19 Уақытты кешіктіру функциясы қосылғанда, бейнебетте тұмшапеш функциясының белгішесі, нүкте және бірге қозғалмай көрсетіліп тұрады. Сағат/Қалдық қызу бейнебетінде, қосылып тұрған сағат функциясы нүкте арқылы көрсетіледі. МИНУТ ОПЕРАТОРЫН орнату Кері санақты (ең көбі 23 сағат 59 минут) орнату үшін МИНУТ ОПЕРАТОРЫН қолданыңыз. Бұл функция тұмшапештің қызметіне әсер етпейді. МИНУТ ОПЕРАТОРЫН кез келген уақытта, құрылғы сөніп тұрса да орнатуыңызға болады. түймешігін басыңыз. 1.
Автоматты бағдарламалар 4. Орнатылған уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал екі минут естіледі. белгішесі жыпылықтайды. Құрылғы сөнеді. 5. Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген сенсор өрісін басыңыз немесе тұмшапештің есігін ашыңыз. Салмақ көрсетілетін автоматты бағдарламалар Егер еттің салмағын көрсетсеңіз, құрылғы қуыруға қажетті уақытты есептеп шығарады. түймешігін бейнебетте көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз. 1. немесе түймешігін басыңыз ("Рецепт 2.
Керек-жарақтарды қолдану 21 Таңдаулы бағдарлама функциясы Бұл функцияны тұмшапеш функциясы немесе бағдарламасы үшін таңдаулы температура және уақыт параметрлерін орнату үшін қолданыңыз. 1. Тұмшапеш функциясы немесе бағдарламасы үшін температура мен уақытты орнатыңыз. түймешігін үш секундтан артық басып ұстап тұрыңыз. 2. Дыбыстық сигнал естіледі. 3. Құрылғыны сөндіріңіз. Таңдаулы бағдарлама функциясын қолдану: • Таңдаулы бағдарлама функциясын іске қосу: түймешігін басыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану 2. Ішкі температура сенсорының ұшын белгісі бар) еттің (сабында ортасына шаншыңыз. 3. Ішкі температура сенсорының ашасын, құрылғының алдындағы розеткаға сұғыңыз. белгішесі Бейнебетте жыпылықтап, әдепкі орнатылған ішкі температура көрсетіледі. Алғаш қолданған кезде температура 60 °C болады, кейін қолданған сайын алдыңғы орнатылған температура орнап отырады. 4. Ішкі температураны орнату үшін немесе қолданыңыз. басыңыз немесе параметрлер бес секундтан кейін автоматты түрде 5.
Қосымша функциялар 23 Ішкі температура сенсорын қолданып пісірген кезде, Температура/Уақыт бейнебетінде көрсетілген температураны өзгерте аласыз. Ішкі температура сенсорын розеткаға қосып, тұмшапеш функциясы мен температурасын орнатқаннан кейін, бейнебетте ағымдық ішкі температура көрсетіледі. Басқа үш температураны көру үшін қайта-қайта басыңыз: • Ағымдық ішкі температура • Тұмшапештің орнатылған температурасы • Ағымдық тұмшапеш температурасы.
Қосымша функциялар 2. және түймешігін кем дегенде 2 секунд қатар басып ұстап тұрыңыз. 3. Дыбыстық сигнал естіледі. Кез келген тетікті басқанда бейнебеттен SAFE өшеді. Тұмшапештің "Пиролитпен тазалау" функциясы бар болса, есік құлыпталады. Басқару құралдарының бекітпесі Басқару құралдарының бекітпесі тұмшапеш функциясын байқаусызда өзгертіп алудан сақтайды. Басқару құралдарының бекітпесін тек құрылғы жұмыс істеп тұрғанда ғана іске қоса аласыз. Басқару құралдарының бекітпесін іске қосу: 1.
Қосымша функциялар 25 Параметрлер мәзірін тек құрылғы сөніп тұрғанда ғана орната аласыз. Параметрлер мәзірін қосу: 1. Қажет болса, құрылғыны сөндіріңіз . түймешігін үш секунд басып ұстап тұрыңыз. 2. Бейнебетте "SET1" және "1" жыпылықтайды. / басыңыз. 3. Параметрді орнату үшін түймешігін басыңыз. 4. / басыңыз. 5. Параметр мәнін өзгерту үшін түймешігін басыңыз. 6.
Күту менен тазалау КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз. Тазалауға қатысты ескерім: • Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. • Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз • Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз. • Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Күту менен тазалау 27 Сөре сырғытпасын алу 1. Сырғытпаны алдыңғы жақтағы тежегіштен еппен жоғары тартыңыз. 2. Алдыңғы тежегіштегі сырғытпаны еппен ішке қарай қозғаңыз. 3. Сырғытпаны артқы тежегіштен шығарып алыңыз. Сөре сырғытпасын салу Сөре сырғытпасын әрекеттерді кері ретпен орындап салыңыз. Бу шығаратын жүйе Сақтандыру туралы ескерту! Бу генераторын әр қолданып болған сайын құрғатыңыз. Суды сіңіргіш Жөкемен 150 сорғытып алыңыз. Әк қалдығы қалса, су мен сірке суын пайдаланып тазалаңыз.
Күту менен тазалау Су сауыты мен бу генераторын тазалау: 1. Бу генераторындағы су сауытына су мен сірке суының қосындысын (шамамен 250 мл) құйыңыз. Шамамен 10 минут күтіңіз. 2. Су мен сірке суын сіңіргіш Жөкеге 150 сіңіріңіз. 3. Бу шығаратын жүйеге су сауыты арқылы (100-200 мл) таза су құйып шайыңыз. 4. Бу генераторындағы суды сіңіргіш Жөкемен 150 сорғытыңыз да, құрғатып сүртіңіз. 5. Құрылғының іші әбден құрғағанша есігін ашық қалдырыңыз.
Күту менен тазалау 29 Тұмшапештің есігі мен шыны панельдері Тұмшапештің есігін тазалау үшін оны шешіп алыңыз. Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр! Тұмшапештің есігін ағытып алу 1. Тұмшапештің есігін барынша кең ашыңыз. 2. Есіктің қос топсасындағы ысырмаларды (A) барынша басыңыз. 3. Тұмшапештің есігін оның бастапқы қалпына дейін жабыңыз (шамамен 70°). 4. Есікті екі жағынан қолмен қапсыра ұстап тұрып, тұмшапештен жоғары көтеріп тартып шығарыңыз.
Не істерсіңіз, егер... Есіктің панельдерін орнату үшін әрекеттерді кері ретпен орындаңыз. Алдымен кішірек панельді, содан кейін үлкен панельді орнатыңыз. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз. Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі Тұмшапеш қызбай тұр Құрылғы сөндірулі Құрылғыны іске қосыңыз Тұмшапеш қызбай тұр Тәулік уақыты орнатылмаған Сағатты орнатыңыз.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар 31 Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба алмасаңыз, дилеріңізге не қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Қызмет көрсету орталығына қажетті деректер техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген. Техникалық ақпарат тақтайшасы пеш корпусының алдыңғы жақтауында орналасқан. Қажетті ақпаратты мына жерге жазып қоюды ұсынамыз: Үлгі (MOD.) ......................................... Өнім нөмірі (PNC) ......................................... Сериялық нөмірі (S.N.) .
www.aeg-electrolux.