User manual

Тұмшапеш функциясы Қолданылуы
16 Астыңғы қызу Торттың түбін қытырлақ етіп пісіруге және тағам
консервлеуге арналған.
17 ЭКО қуыру ЭКО функциясы тағам пісіру барысында қуатты барынша
тиімді жұмсауға көмектеседі. Бұл үшін әуелі пісіру
уақытын орнату керек. Ұсынылатын параметрлер туралы
қосымша ақпаратты, пісіру кестелеріндегі тиісті
тұмшапеш функцияларынан қараңыз.
18 Бумен тазалау Тұмшапештің ішін бумен тазалауға арналған.
Тұмшапеш температурасын өзгерту
Температураны 5 °C градустық қадаммен өзгерту үшін / түймешігін басыңыз.
Құрылғы орнатылған температураға жеткен кезде, дыбыстық сигнал үш рет естіледі
де, Қыздыру индикаторы сөнеді.
Тұмшапеш температурасын тексеру
Функция немесе бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде құрылғының ішіндегі
температураны тексере аласыз.
1.
түймешігін басыңыз.
Температура/Уақыт бейнебеті құрылғының ішіндегі температураны көрсетеді.
Тұмшапештің температурасын өзгерткіңіз келсе, түймешігін тағы бір рет басыңыз
да,
немесе қолданыңыз.
2. Орнатылған температураға қайта бару үшін
түймешігін басыңыз немесе ол бес
секундтан кейін автоматты түрде бейнебетте көрсетіледі.
Жылдам қыздыру функциясы
Жылдам қыздыру функциясы, қыздыру уақытын азайтады.
Жылдам қыздыру функциясы жұмыс істеп тұрғанда тұмшапештің ішіне тағам
қоймаңыз.
Жылдам қыздыру функциясын іске қосу :
түймешігін үш секундтан артық басып
ұстап тұрыңыз.
Егер жылдам қыздыру функциясын іске қоссаңыз, бейнебеттегі
жолақтар бірінен
кейін бірі жыпылықтап, функцияның жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Жылдам қыздыру функциясы тұмшапештің кей функциясында ғана жұмыс істейді.
Орнатылған функцияда жылдам қыздыру функциясы жоқ болса, дыбыстық сигнал
естіледі.
Әркүндік қолдану
15