User manual

Таңдаулы бағдарлама функциясы
Бұл функцияны тұмшапеш функциясы немесе бағдарламасы үшін таңдаулы
температура және уақыт параметрлерін орнату үшін қолданыңыз.
1. Тұмшапеш функциясы немесе бағдарламасы үшін температура мен уақытты
орнатыңыз.
2.
түймешігін үш секундтан артық басып ұстап тұрыңыз.
Дыбыстық сигнал естіледі.
3. Құрылғыны сөндіріңіз.
Таңдаулы бағдарлама функциясын қолдану:
Таңдаулы бағдарлама функциясын іске қосу:
түймешігін басыңыз. Құрылғы
таңдаулы бағдарламаңызды іске қосады.
Таңдаулы бағдарлама функциясын сөндіру:
түймешігін басыңыз.
Таңдаулы бағдарлама функциясы жұмыс істеп тұрғанда, уақыт пен температураны
өзгерте аласыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Ішкі температура сенсоры
Ішкі температура сенсоры еттің ішкі температурасын өлшейді. Еттің температурасы
орнатылған температураға жеткенде құрылғы сөнеді.
Екі түрлі температураны орнату керек:
Тұмшапеш температурасы: рецепт кітабындағы қуыру кестесіне қараңыз.
Ішкі температура: рецепт кітабындағы ішкі температура сенсорының кестесіне
қараңыз.
Тек бірге жеткізілген ішкі температура сенсорын немесе фирмалық қосалқы
бөлшектерді ғана қолданыңыз.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
Керек-жарақтарды қолдану
21