User manual

Ішкі температура сенсорын қолданып пісірген кезде, Температура/Уақыт бейнебетінде
көрсетілген температураны өзгерте аласыз. Ішкі температура сенсорын розеткаға
қосып, тұмшапеш функциясы мен температурасын орнатқаннан кейін, бейнебетте
ағымдық ішкі температура көрсетіледі.
Басқа үш температураны көру үшін
қайта-қайта басыңыз:
Ағымдық ішкі температура
Тұмшапештің орнатылған температурасы
Ағымдық тұмшапеш температурасы.
Орнатылған ағымдық температура, ағымдық ішкі температураға ауысады және
ағымдық тұмшапеш температурасы, тұмшапештің орнатылған температурасына
ауысады.
Тұмшапештің керек-жарақтарын орнату
Шұңғыл таба мен торкөз сөренің жиектері бар.
Осы жиектер мен бағыттағыш жолдардың
пішімдері, тұмшапештің керек-жарақтарын
аударылып кетуден сақтайды.
Торкөз сөре мен шұңғыл табаны қатар орнату
Торкөз сөрені шұңғыл табаның үстіне қойыңыз.
Шұңғыл табаны тұмшапеш деңгейлерінің
біріндегі бағыттағыш жолдарға келтіріп
салыңыз.
ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР
Бала қауіпсіздігі
Бала қауіпсіздігі құралы жұмыс істеп тұрғанда құрылғыны іске қоса алмайсыз.
Бала қауіпсіздігі құралын қосу/ажырату:
1. Құрылғыны сөндіріңіз
. Тұмшапештің ешбір функциясын орнатпаңыз.
Қосымша функциялар 23