User manual

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы ақпарат" тарауын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім:
Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
Құрылғының металл беттерін әдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бәрін әр пайдаланып болған сайын тазалап, құрғатыңыз.
Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптама бүлініп қалуы мүмкін.
Бумен тазалау
1. Қатты ластанған жерлерді қолмен тазалаңыз.
2. Су (шамамен 250 мл) мен 3 ас қасық сірке суын тікелей бу генераторына құйыңыз.
3. Бумен тазалау функциясын орнатыңыз ("Тұмшапеш функциялары" тарауын
қараңыз).
Бейнебетте ұзақтық (15 минут) пен алдын ала орнатылған температура (96°C)
көрсетіледі.
OK түймешігін басыңыз.
Тазалау басталады.
4. Бумен тазалау аяқталған кезде дыбыстық сигнал естіледі.
Дыбыстық сигналды тоқтату үшін кез келген сенсор өрісін басыңыз.
5. Құрылғыны жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Бу генераторындағы суды сіңіргіш Жөкемен 150 сорғытыңыз да, құрғатып сүртіңіз.
Есікті шамамен 1 сағат ашық қалдырып, құрылғыны әбден құрғатыңыз.
Тазалау функциясын кешіктіріп бастағыңыз келсе, Аяқтау функциясын қолдануыңызға
болады ("АЯҚТАУ функциясын орнату" тарауын қараңыз).
Сөре сырғытпасы
Қабырғаларды тазалау үшін сөре сырғытпасын алып қоюға болады.
26 Күту менен тазалау