User manual

Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Әрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан ұстап
көтермеңіз.
Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабдықталуға тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Орнатардың алдында ас үй жиһазы мен құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға болмайды.
Кіріктірілген пештер мен пештің үсті, арнаулы қосылым жүйелерінің көмегімен
орнатылады. Құрылғыға нұқсан келмес үшін, тек бір өндіруші өндірген
құрылғыларды ғана бірге пайдаланыңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Өрт шығу қаупі бар.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қолдану
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Құрылғыны коммерциялық немесе
өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл адамның
жарақаттануына немесе мүлікке зиян келуіне жол бермеу үшін қажет.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Құрылғыны іске қосқан кезде, оның іші мен керек-жарақтары ысып кетеді. Күйіп қалу
қаупі бар. Керек-жарақтарды немесе кәстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5