User manual

Пештің эмалін бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алған немесе салған кезде
абай болыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, әрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Эмаль қаптаманың түсінің кетуі құрылғының жұмысына еш әсер етпейді, сондықтан
да бұл кепілдік заңы бойынша қарастырылатын жағдай емес.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де құрылғы есігін әрқашан жауып
отыру қажет.
Күту менен тазалау
Құрылғыны жөндердің алдында сөндіріп, электр желісінен ағытыңыз.
Жөндердің алдында құрылғының салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны әрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны мерзімді түрде тазаласаңыз, оның бетінің сапасы түспейді.
Өте сұйық қоспадан жасалған торттарды пісірген кезде, жеміс шырыны кетпейтін
дақ қалдырмас үшін терең пісіру науаларын қолданыңыз.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету және мүлікке зиян келтірмеу үшін, құрылғыны тек
су мен сабынды қолданып тазалаңыз. Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын
заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары қысыммен тазалайтын құралдар, өткір, түрпілі
тазалағыш заттар, түрпілі жөке және дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып кетуі мүмкін.
Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
Өрт қатері
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға жақындатпаңыз.
6 Қауіпсіздік туралы мағлұматтар