User manual

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды және/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне қоймаңыз.
Буға пісіру
Тағамды буға пісіру кезінде пеш есігін ешқашан ашпаңыз. Бу шығып кетуі мүмкін.
Теріні күйдіріп алу қаупі бар. Будың құрылғы бөлшектеріне зиян келтіру қаупі бар.
Тұмшапештің шамы
Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы
шамдар ғана қолданылған. Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дәл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
Тек уәкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін
–Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
Қорек сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкене балалар немесе үй жануарлары
құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермеу үшін қажет. Тұншығып кету
қатері бар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7