Favorit 65410 I Қолдану туралы нұсқаулары Ыдыс жуғыш машина
Мазмұны Біздің жоғарғы сапалы өнімдеріміздің бірін таңдағаныңызға алғысымызды білдіреміз. Бұл құрылғы тиімді әрі тұрақты жұмыс жасау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғының барлық үрдістерін жете меңгеріп, оны неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда керек нұсқауларды оқып отыру үшін бұл нұсқаулықты сенімді жерге сақтап қойыңыз. Құрылғыны келесі пайдаланушыға берер кезде нұсқаулықты да қоса беруді ұмытпаңыз. Жаңа құрылғыны пайдаланып жайлы көңіл-күйге жете беріңіз.
Жалпы мағлұмат бөлімдері 3 Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие. Жұмыс жүйесі туралы нұсқаулар Жалпы мағлұмат бөлімдері Осы нұсқаулықты өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны дұрыс пайдалану үшін, оны орнатып іске қоспас бұрын мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты әрқашан тіпті құрылғыны көшірсеңіз не сатсаңыз да онымен бірге қалдырыңыз. Пайдаланушылар құрылғының қауіпсіздік функциясы мен оны іске қосу жолдарын толық білуге тиіс. Дұрыс пайдалану • Құрылғы тек үйде пайдалануға ғана арналған.
Жалпы мағлұмат бөлімдері • Жарақат алып не ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін құрылғыны пайдаланбаған кезде есігін әрқашан жауып қойыңыз. • Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз не үстіне шықпаңыз. Бала қауіпсіздігі • Бұл құрылғыны тек ересек адам ғана қолдануға тиіс. Балаларды құрылғымен ойнап қоймас үшін қадағалап отыру қажет. • Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып кету қаупі бар. • Жуғыш заттардың барлығын сенімді жерде сақтаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Үстіңгі себет Су кермектігінің дискісі Тұз сауыты Жуғыш зат үлестіргіші Шайғыш зат үлестіргіші Техникалық ақпарат тақтайшасы Сүзгілер Астыңғы бүріккіш түтік Үстіңгі бүріккіш түтік 5
Бұйым сипаттамасы Бұйым сипаттамасы 1 2 3 4 5 6 Қосу/Өшіру түймешігі Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер Кешіктіріп бастау түймешігі Анықтағыш шамдар Сандық бейнебет Функция түймешіктері Анықтағыш шамдар Орындалып тұрған бағдарлама Жуу бағдарламасын таңдағанда жанады да, ол аяқталғанша жанған қалпы тұрады. MULTITAB Multitab функциясын қосқан кезде жанады. 'Multitab функциясы' тарауын қараңыз. Тұз 1) Тұз сауытын толтыру қажет болған кезде жанады. 'Кір жуғыш машина тұзын қолдану' тарауын қараңыз.
Бұйым сипаттамасы 7 Анықтағыш шамдар Шайғыш зат 1) Шайғыш зат үлестіргішін толтыру қажет болған кезде жанады. 'Шайғыш затты қолдану' тарауын қараңыз. 1) Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде, тұз және/не шайғыш зат үлестіргіштері босап қалса, тиісті анықтағыш шамдар жанбайды. Бағдарламаны таңдайтын түймешіктер Осы түймешіктермен жуу бағдарламасын таңдауыңызға болады. Бағдарлама түймешігін басыңыз, тиісті анықтағыш шам жанады.
Бірінші қолданғанға дейін Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы мына жағдайда параметрлерді орнату режимінде тұрады: – Барлық бағдарлама шамдары жанғанда. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Құрылғы мына жағдайда параметрлерді орнату режимінде тұрмайды: – Тек бір ғана бағдарлама шамы жанғанда – Жуу бағдарламасы орнатылып тұрғанда. Параметрлерді орнату режиміне оралу үшін бағдарламаны біржола тоқтату қажет. 'Жуу бағдарламасын орнату және бастау' тарауын қараңыз.
Су жұмсақтайтын бұйымын салу Судың кермектігі 9 Судың кермектігін баптау °dH °TH ммоль/л Кларк қолмен электрондық тәсілмен 37 - 42 65 - 75 6,5 - 7,5 46 - 52 2 8 29 - 36 51 - 64 5,1 - 6,4 36 - 45 2 7 23 - 28 40 - 50 4,0 - 5,0 28 - 35 2 6 19 - 22 33 - 39 3,3 - 3,9 23 - 27 2 5 15 - 18 26 - 32 2,6 - 3,2 18 - 22 1 4 11 - 14 19 - 25 1,9 - 2,5 13 - 17 1 3 4 - 10 7 - 18 0,7 - 1,8 5 - 12 1 2 <4 <7 < 0,7 <5 1 1) 1 1) 1) Тұзды пайдаланудың еш қажеті жоқ.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған 6. Су жұмсартқыштың деңгейін бір сатыға көтеру үшін A түймешігін бір рет басыңыз. 7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін қосу/өшіру түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған Сақтандыру туралы ескерту! Тек ыдыс жуғыш машина тұзын қолданыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіреді. Сақтандыру туралы ескерту! Тұз түйірлері мен машина түбіндегі тұзды су машинаны тоттандырады.
Шаю бұйымдары 11 1. Шайғыш зат үлестіргішін ашу үшін(A)түймешігін басыңыз. 2. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз. 'max. ' белгішесі максимум деңгейді көрсетеді. 3. Төгіліп қалған шайғыш затты жуу бағдарламасын келесі жолы бастаған кезде көбік пайда болмас үшін сорғыш матамен сүртіп алыңыз. 4. Шайғыш зат үлестіргішін жабыңыз. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін белгілеу Шайғыш зат параметрі зауытта 4-ші деңгейге қойылған.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Ақыл-кеңес Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын үйдегі ыдысаяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз. Құрылғыны су тартқыш заттарды (жөке, майлық-сулықтар, т.с.с) жуу үшін пайдаланбаңыз. • Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды салмас бұрын мына қадамдарды орындаңыз: – Тағам қалдықтары мен ластықтарды толық кетіріңіз. – Жанған, ыдысқа жабысқан тағамдарды жұмсартыңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs 13 Астыңғы себет Кәстрөл, қақпақ, табақ, салат сауыттары мен ас құралдарын астыңғы себетке салыңыз. Тәрелкелер мен жалпақ қақпақтарды себеттің шетін жағалата орналастырыңыз. Кәстрөлдер, таба мен шыныаяқтарды салу үшін астыңғы себеттегі ілгек қатарларын жиып қоюға болады. Ас құралдарының қорапшасы Назарыңызда болсын! Ұзын жүзді пышақтарды тігінен қоймаңыз. Ұзын және өткір ас құралдарын үстіңгі себетке көлденең жатқызып салыңыз. Өткір заттарды абайлап ұстаңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін, оларды басқа ас құралдарымен араластырып салыңыз. Ас құралдары торын пайдаланыңыз. Құралдың үлкендігі ас құралдары торын пайдалануға кедергі жасаса, оларды жинап қоюға болады. Ас құралдарын оңай алу үшін ас құралдары қорапшасын ашуыңызға болады. Ас құралдарын алу үшін мына қадамдарды орындаңыз. 1. Ас құралдары қорапшасын үстел үстіне немесе жұмыс алаңына қойыңыз. 2. Тұтқасын ашыңыз. 3. Ас құралдарын алыңыз.
Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs 15 • Ұзын заттарды шыныаяқ торын жоғары көтеріп барып салыңыз. Үстіңгі себеттің биіктігін реттеу Астыңғы себетке үлкен табақтарды салу үшін, алдымен үстіңгі себетті ең жоғарғы орынға қойыңыз. Ыдыстың ең үлкен биіктігі: үстіңгі себеттегі астыңғы себеттегі Үстіңгі орын 20 см 31 см Астыңғы орын 24 см 27 см Үстіңгі себетті жоғарғы орынға қою үшін мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Себетті тоқтап қалғанша сыртқа қарай тартыңыз. 2.
Тазалау бұйымдарын қолдану Тазалау бұйымдарын қолдану Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды (ұнтақ, сұйық не таблетка)ғана қолданыңыз. Орамындағы нұсқауларды орындаңыз: • Өндіруші көрсеткен мөлшерде ғана пайдаланыңыз. • Сақтауға қатысты ұсыныстарды қараңыз. Қоршаған ортаға зиян тигізбес үшін көрсеткен мөлшерден артық пайдаланбаңыз. Жуғыш зат үлестіргішін толтыру үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын ашыңыз. 2. Жуғыш зат үлестіргішке( A) жуғыш заттан салыңыз.
Мульти таб функциясы 17 4. Жуғыш таблеткаларды пайдалансаңыз, жуғыш таблетканы жуғыш зат үлестіргішке салыңыз( A). 5. Жуғыш зат үлестіргіштің қақпағын жабыңыз. Қақпақты өз орнына түскенше басыңыз. Әртүрлі фирма өндірген жуғыш заттар әртүрлі жылдамдықпен ериді. Кей жуғыш заттарды қысқа мерзімді жуу бағдарламасы үшін қолданғанда нәтижесі сондай жақсы болмайды. Таблеткаларды жуғыш зат әбден жуылып кету үшін ұзақ жуу бағдарламасы үшін таңдаңыз.
Жуу бағдарламалары Құрғату нәтижесі қанағаттандырмаса мына қадамдарды орындаңыз: 1. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз. 2. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіріңіз. 3. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін 2-ші орынға қойыңыз. • Шайғыш зат үлестіргішін тек multitab функциясы белсенді күйде тұрғанда ғана қосуға не өшіруге болады. Шайғыш зат үлестіргішін қосу/өшіру үшін: 1. Құрылғыны қосыңыз. 2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанын тексеріңіз. 3.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу Бағдарлама Кірдің ауқымы Ыдысты салу түрі 19 Бағдарлама сипаттамасы 30 MIN 2) Қалыпты не аздап кірлеген Ыдыс-аяқтар мен Негізгі жуу, 60°C дейін ас құралдары Соңғы шаю INTENSIV CARE 70° Қатты ластанған Ыдыс-аяқтар, ас құралдары, кәстрөлдер мен табалар ECO 50° 3) Қалыпты кірлеген Ыдыс-аяқтар мен Алдын ала жуу ас құралдары Негізгі жуу, 50°C дейін 1 рет аралық шаю Соңғы шаю Кептіру Қалыпты не аздап кірлеген Морт сынғыш ыдыс-аяқтар мен шыны ыдыстар Алдын ала
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу Жуу бағдарламасын орнатып, бастау үшін мына қадамдарды орындаңыз: 1. Құрылғыны қосыңыз. 2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанын тексеріңіз. 3. Бағдарлама түймешіктерінің бірін басыңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын қараңыз. – Бағдарламаның анықтағыш шамы жанады. – Басқа бағдарламалардың барлығының шамдары өшеді. – Сандық бейнебетте бағдарлама ұзақтығы жыпылықтап көрсетіледі. – "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы жанады. 4. Есікті жабыңыз.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастауу 21 Бағдарламаға кешіктіріп бастау функциясын қосып орнату және бастау 1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. 2. Жуу бағдарламасын орнатыңыз. 3. Кешіктіріп бастау түймешігін бейнебетте жуу бағдарламасының қанша сағатқа кешігіп басталатындығы жыпылықтап көрінгенше басыңыз. 4. Есікті жабыңыз. – Бейнебеттегі уақыт мәні тұрақты жанып тұрады. – "Бағдарлама орындалып тұр" анықтағыш шамы өшеді. – Кешіктіріп бастау функциясының кері санағы басталады.
Күту менен тазалау Күту менен тазалау Назарыңызда болсын! Құрылғыны өшіріп барып тазалаңыз. Сүзгілерді тазалау Сақтандыру туралы ескерту! Құрылғыны сүзгісіз пайдаланбаңыз. Сүзгілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатсаңыз жуу нәтижелері қанағаттанғысыз болып, құрылғыға нұқсан келуі мүмкін. Сүзгілерді қажетінше тазалап отырыңыз. Кірлеген сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Ыдыс жуғыш машинаның үш сүзгісі бар: 1. ірі көзді сүзгі(A) 2. микросүзгі (B) 3.
Не істерсіңіз, егер... 23 7. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбінен шығарыңыз. 8. Сүзгілерді ағып тұрған суға жуыңыз. 9. Тегіс сүзгіні (C) құрылғы түбіне салыңыз. 10. Ірі көзді сүзгіні(A) микросүзгіге(B)салып, екеуін қатар басыңыз. 11. Сүзгі жүйесін орнына қойыңыз. 12. Сүзгі жүйесін бекіту үшін микросүзгі(B)ұстағышын өз орнына түскенше сағат бағытымен бұраңыз. 13. Астыңғы себетті салыңыз. 14. Есікті жабыңыз. Бүріккіш түтіктерді алмаңыз.
Не істерсіңіз, егер... Қателер коды және дұрыс істемеу Мүмкін себептері және шешетін жолдары • сандық бейнебетте пайда болады Ыдыс жуғыш машинаға су толмай тұр • Су құятын шүмек бітелген не оған қақ тұрған. Су құятын шүмекті тазалаңыз. • Су құятын шүмек жабық. Су құятын шүмекті ашыңыз. • Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған. Сүзгіні тазалаңыз. • Су құятын түтікше дұрыс жалғанбаған. Түтікше шиеленісіп не жаншылып қалуы мүмкін. Түтікшенің дұрыс жалғанғанын тексеріп алыңыз.
Техникалық сиппатама 25 Сериялық нөмірі: .......... Жуу нәтижелері қанағаттанарлық емес Ыдыстар таза емес • Таңдалған бағдарлама ыдыстардың салыну түріне және кірлеу ауқымына сай келмейді. • Себеттер дұрыс толтырылмаған, сондықтан да су барлық ыдыстардың беттеріне біркелкі тимей тұр. • Ыдыстар дұрыс салынбағандықтан бүріккіштер еркін айнала алмай тұр. • Сүзгілер ластанған не теріс салынған. • Жуғыш зат салынбаған не өте аз мөлшерде салынған.
Орнату Орнату туралы нұсқаулық Орнату Назарыңызда болсын! Құрылғыны ашаның розеткадан алынып тұрғанын тексеріп барып орнатыңыз. Құрылғыны нұсқауларды орындай отырып кіріктіріп орнатыңыз: • Құрылғыны кіріктіріп орнатыңыз. • Шкафтың қабырғасын орнатыңыз. • Су құятын және төгетін жүйеге қосыңыз. Құрылғыны жиһаз астына орнату (ас үй үстелі не раковина) Жөндеу жұмысын жүзеге асыру қажет болса, құрылғыға арнайы маманның қолы оңай жетуге тиіс.
Суға қосу 27 Сақтандыру туралы ескерту! Ескі құрылғылардың қосылым түтікшелерін пайдаланбаңыз. Су қысымы көрсетілген шектерден аспауға тиіс ("Техникалық деректер" тарауын қараңыз). Жергілікті су басқармасынан тұратын жеріңіздегі құбырлардың орташа қысымын беруін талап етіңіз. Су құятын түтікшенің еш жерінің түйнектелмей, не жаншылып не болмаса шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз. Су жылыстап ағып кетпес үшін контргайканы дұрыс орнатыңыз.
Электртоғына қосу Су төгетін түтікшенің еш жерінің майысып не жаншылып суды ағызбай тұрмағанын тексеріңіз. Ыдыс жуғыш машина суын төгіп тұрған кезде, су құрылғыға қайта құйылып кетпес үшін раковина тығынын алып қойыңыз. Су төгетін түтікшенің ұзындығы 2 м артық болмауға тиіс. Ішкі диаметрі түтікше диаметрінен кіші болмауға тиіс. Су төгетін түтікшені раковинаның астындағы түтікке түйістіру үшін пластик қабықты(A)алыңыз. Қабықты алмасаңыз ас қалдықтары су төгетін түтікті толтырып қояды.
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар 29 Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек.
www.electrolux.com 117974981-00-092009 www.aeg.