User manual

5. C функция түймешігін басыңыз.
A және B функция түймешіктерінің индикаторлары сөнеді.
C функция түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
Бейнебетте ағымдық параметр көрсетіледі.
Дыбыстық сигналдар қосулы
Дыбыстық сигналдар сөндірулі
6. C функция түймешігін қайта басыңыз.
Бейнебетте жаңа параметр көрсетіледі.
7. Параметрді құрылғы жадына оны өшіру арқылы енгізіңіз.
Дыбысты сигналдарды қайта қосу үшін жоғарыдағы әрекеттерді
қайталаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
Әрекеттің әрбірін нұсқауға сай орындаңыз:
1. Су жұмсартқыштың, тұратын жеріңіздегі судың кермектігіне сай
келетін деңгейге қойылған-қойылмағанын тексеріңіз. Қажет болса, су
жұмсартқыштың деңгейін реттеңіз.
2. Тұз сауытына ыдыс жуғыш машина тұзынан салыңыз.
3. Шайғыш зат үлестіргішіне шайғыш заттан салыңыз.
4. Ас құралдары мен ыдыс-аяқтарды құрылғыға салыңыз.
5. Ыдыс-аяқтың салынған мөлшері мен ластығына қарай отырып, жуу
бағдарламасын дұрыс орнатыңыз.
6. Жуғыш зат үлестіргішіне жуғыш затты тиісті мөлшерде салыңыз.
7. Жуу бағдарламасын бастаңыз.
Егер құрама жуғыш таблеткаларды ('3 in 1', '4 in 1', '5 in 1') қолдансаңыз,
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
СУ ЖҰМСАҚТАЙТЫН БҰЙЫМЫН САЛУ
Су жұмсартқыш судың құрамындағы минералдар мен тұздарды кетіреді.
Минералдар мен тұздар құрылғы жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Судың кермектігін өлшейтін эквивалентті өлшем бірліктерге мыналар
жатады:
Неміс градусы (dH°).
Француз градусы (°TH).
ммоль/л (миллимоль - әр литрге: судың кермектігін өлшейтін
халықаралық бірлік).
Су кермектігін өлшейтін Кларк градусы.
Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз. Қажет болса, жергілікті су ресурстары мекемесіне
хабарласыңыз.
Құрылғыны қолдану
11