User manual
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосыңыз.
1. Құрылғыны іске қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. Жуу бағдарламасын таңдаңыз. 'Жуу бағдарламалары' тарауын
қараңыз.
– Бейнебетте жуу бағдарламасының нөмірі пайда болады.
4. Қажет болса, бір немесе бірнеше функцияны таңдаңыз.
5. Құрылғы есігін жабыңыз. Жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын таңдап,
іске қосу
1. Құрылғыны іске қосыңыз да, жуу бағдарламасын таңдаңыз.
2. Бейнебетте кешіктіріп бастау функциясының қажетті мәні сағат
түрінде көрсетілгенше, кешіктіріп бастау функциясының түймешігін
қайта-қайта басыңыз.
3. Құрылғы есігін жабыңыз.
– Кері санақ автоматты түрде басталады.
– Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде
басталады.
Құрылғы есігі ашылса, кері санақ кідіреді. Есікті жапқаннан кейін, кері
санақ тоқтаған жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасын кідірту
• Құрылғы есігін ашыңыз.
– Жуу бағдарламасы тоқтайды.
• Құрылғы есігін жабыңыз.
– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтату тәсілі
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы басталмаса,
параметрді өзгертуіңізге болады.
Жуу бағдарламасы немесе кешіктіріп бастау функциясы жұмыс істеп
тұрса, параметрді өзгерту мүмкін емес. Жаңа параметр таңдау үшін жуу
бағдарламасын немесе кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтату
керек.
18
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау










