User manual

Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың
қалдығы қалуы мүмкін.
Құрылғы ішіне зат салып немесе оны босатып жатқанда, адам
жарақаттанып немесе ашық тұрған есікке соғылып қалмас үшін есікті
әрқашан жауып отырыңыз.
Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
Бұл құрылғыны тек үйде ғана қолдану керек. Құрылғыны
коммерциялық мақсатта және өнеркәсіпте немесе басқа мақсатта
қолданбаңыз.
Құрылғыны өзі арналған мақсаттан басқа мақсатта қолдануға
болмайды. Осылайша адам жарақаттануға немесе мүлікке зиян
келтіруге жол бермейсіз.
Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын, тұрмыста
қолданылатын ыдыс-аяқтарды жуу үшін ғана қолданыңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды, құрылғының қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс
немесе өрт шығу қаупі бар.
Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын, ас құралдары
себетіне ұштарын төмен қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке
көлденеңінен не пышақ салатын себетке салыңыз. (Құрылғы
үлгілерінің барлығы бірдей пышақ салынатын себетпен
жабдықталмаған).
Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз,
шайғыш зат) ғана қолданыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар, су жұмсартқышқа нұқсан
келтіруі мүмкін.
Тұзды ыдыс жуғыш машинаға, жуу бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз. Тұз түйірлері немесе тұзды су құрылғының табанын
тоттандыруы немесе тесіп жіберуі мүмкін.
Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа ешбір басқа зат
(мысалы, ыдыс жуғыш машинаны тазалағыш зат, сұйық тазалағыш
зат) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін
айнала алатындығына көз жеткізіңіз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып кетуі
мүмкін. Күйіп қалуыңыз мүмкін.
Ыдыстарды құрылғыдан жуу бағдарламасы аяқталмай тұрып алмаңыз.
Күту менен тазалау
Құрылғыға күтім көрсетердің алдында электр желісінен ағытып,
ашасын розеткадан суырыңыз.
Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің
дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды
жуу нәтижесі қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар