User manual
• Құрылғыны су немесе бу бүркіп тазалағышпен тазаламаңыз. Электр
тогына түсу және құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің тасымалдау барысында бүлінбеген
тексеріңіз. Бүлінген құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға
хабарласыңыз.
• Ең алғаш іске қосардың алдында, орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Электр желісі және құбыр жүйесіне қосу, орнату және күтім көрсету
жұмыстарының барлығын тек білікті маман орындауға тиіс. Бұл
құрылғы конструкцияларының бүлінуіне немесе адам жарақаттанып
қалуға жол бермейді.
• Құрылғыны орнату барысында, оның ашасының розеткадан
ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электр
бөлшектерін бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
• Маңызды! Төмендегі әрекеттерді нұсқауларға сай орындаңыз:
– Құрылғыны орнату.
– Ас үй қаптамасының есігін құрастыру.
– Су құю және төгу жүйелеріне қосу.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
• Құрылғыны температурасы 0°C градустан төмендеп кететін жерге
орнатпаңыз.
• Мұздап қалудың салдарынан болған ақаулыққа өндіруші жауапты емес.
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз.
Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста
болмаған құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз
да, содан кейін су құятын түтікті жалғаңыз.
• Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын
немесе бүлінбегенін тексеріңіз.
• Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің қабырғасы қос қабат материалдан жасалған және
оның ішкі сымы мен қауіпсіздік клапаны бар. Су құятын түтікке осы
түтік арқылы су аққан кезде ғана қысым түседі. Су құятын түтіктен су
ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды тоқтатады.
– Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
– Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5










