User manual

Индикатор шамдар
Бағдарламаның
соңы
Бұл индикатор жуу бағдарламасы аяқталғанда жанады.
1) Жуу бағдарламасы орындалып жатқанда тұз және/не шайғыш зат сауыттары босап
қалса, тиісті индикатор шамдар жанбайды.
Бейнебет
Бейнебетте төмендегілер көрсетіледі:
Су жұмсартқыштың деңгейін электрондық тәсілмен баптау.
Шайғыш зат үлестіргішті қосу/өшіру (тек multitab функциясы қосулы
тұрғанда ғана).
Жуу бағдарламасының нөмірі.
Жуу бағдарламасы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Жуу бағдарламасының соңы. Бейнебетте нөл көрсетіледі.
Кешіктіріп бастау функциясы аяқталғанға дейін қалған уақыт.
Ақаулық кодтары.
Дыбыстық сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру.
Кешіктіріп бастау түймешігі
Бұл түймешікті жуу бағдарламасын 1 сағаттан 24 сағатқа дейінгі
интервал бойынша кешіктіріп бастау үшін қолданыңыз. 'Жуу
бағдарламасын таңдау және бастау' тарауын қараңыз.
Бағдарлама таңдау түймешіктері
Осы түймешіктердің көмегімен жуу бағдарламасын таңдауыңызға
болады (Шуылсыз жуу бағдарламасынан басқасын). Түймешіктердің
бірін бейнебетте қажетті бағдарламаның нөмірі көрсетілгенше қайта-
қайта басыңыз.
Шуылсыз жуу бағдарламасын таңдау үшін тиісті түймешікті басыңыз.
Жуу бағдарламалары туралы толығырақ ақпаратты 'Жуу
бағдарламалары' тарауынан алыңыз.
Шуылсыз бағдарлама түймешігі
Бұл жуу бағдарламасы жұмыс істеген кезде шуыл деңгейі өте төмен
болады.
Шуылсыз бағдарлама кезінде сорғы өте төмен жылдамдықпен жұмыс
істейді. Бұл әдеттегі бағдарламаға қарағанда шуыл деңгейін 25%
пайызға азайту үшін жасалған. Осыған байланысты бағдарлама өте
ұзаққа созылады.
Бұл бағдарламаны қуат тарифі арзанырақ болған кездерде қолданыңыз.
Multitab түймешігі
Multitab функциясын іске қосу/өшіру үшін осы түймешікті басыңыз.
'Multitab функциясы' тарауын қараңыз.
Басқару панелі
9