User manual
Микротолқын
Пеш жұмысына қатысты ескерімдер
Жалпы нұсқаулар
• Құрылғыны өшірген соң тағамды бірнеше минут қоя тұрыңыз
(Микротолқын кестесі: Тағамды қоя тұру уақытын қараңыз).
• Тағамды пісірмес бұрын оны орау үшін пайдаланылған
алюминий қаңылтырды, металл сауыттарды т.б. алыңыз.
Пісіру
• Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынды пеште пайдалануға
жарамды материалдан жасалған қақпақпен жауып пісіріңіз.
Тағамның қыртысы қытырлақ болу қажет болса ғана оны
қақпақсыз пісіріңіз.
• Тоңазытылған не мұздатылған тағамды пісіру үшін ұзағырақ
уақыт қажет етіледі.
• Соус қосылған тағамды мезгіл-мезгіл араластырып отыру керек.
• Сәбіз, бұршақ не түсті орамжапырақ тәрізді тығыз көкөністерді
суға салып пісіру қажет.
• Пісірудің орта тұсында үлкенірек кесектерді аударыстырып
отырыңыз.
• Егер мүмкін болса, көкөністерді біркелкі етіп тураңыз.
• Жалпақ әрі кең ыдыстарды пайдаланыңыз.
Жібіту ет, құс еті, балық
• Мұздатылған, орамынан алынған тағамды жібіген кезде сұйығы
ағып кету үшін, ыдысқа төңкеріліп қойылған кішкене табақтың
үстіне не жібітуге арналған сөреге не пластик торға қойыңыз.
• Тағамды жібітудің орта шегіне келгенде аударыңыз. Егер мүмкін
болса, жіби бастаған жеке бөліктерді бөліп алыңыз.
Сарымай, бәліш бөліктері мен кваркты жібіту
• Құрылғыда толықтай жібітпеңіз, керісінше бөлме
температурасында жібітуді аяқтаңыз. Бұл неғұрлым біртегіс
жібітеді. Жібітуді бастамас бұрын металл не алюминий
орағыштар не бөлшектердің барлығын алыңыз.
Жемістер мен көкөністерді жібіту
38 Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес










