User manual
• Тағамды пісіріп/ысытқан кезде ең аз 70°C температура деңгейіне
жетуді қадағалаңыз. Бұл үшін кестеде берілген қуат пен уақытқа
қатысты ақпаратқа сүйеніңіз. Тағам температурасын ешқашан
сынап не басқа сұйық зат толтырылған термометр арқылы
тексеруге болмайды.
• Микротолқын арқылы ысытылған тағамның жылуы ыдысқа
беріледі. Пешке арналған қолғап не сол сияқты затты
пайдаланыңыз.
• Тағамды тым жоғарғы қуат пен уақытты пайдаланып шамадан
тыс пісіріп жібермеңіз. Тағам кебірсіп, өртеніп не оның кейбір
жерлері басылап қалуы мүмкін.
• Құрылғы қосылып тұрған кезде пештің іші мен гриль
функциясының қыздыру бөлшектері мен керек-жарақтары қызып
тұрады. Оларды ұстаған кезде абайлаңыз әрі пешке арналған
қолғапты не осындай кезде қолданылатын сол сияқты затты
пайдаланыңыз. Күйіп қалу қаупі бар!
• Металл заттарды пештің ішкі қабырғасы мен есігінен кем дегенде
2 см алыс орналастыру қажет. Әйтпесе ұшқын шығып оның
жарқылынан құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Егер басқаша ұсынылмаса, алюминий қаңылтырды
пайдаланбаңыз.
• Есік пен есік жақтауының арасына ешнәрсенің қыстырылып
қалмағанын тексеріңіз.
• Пеш есігінің тығыздағышын, есік тығыздағышының бетін әрі
пештің ішін әрқашан таза ұстаңыз. Құрылғының таза болмауы
қатерлі жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Пеш ішінде ешқандай тұтанғыш затты сақтамаңыз. Бұл пешті
қосқан кезде тұтануы мүмкін.
Құрылғы ақаулығының алдын алу жолдары
• Пеш еденінің үстіне алюминий қаңылтырды, пісіруге арналған
сөрелер мен ыдыстарды және басқа заттарды қоймаңыз, себебі
олардың қызуынан пештің эмаль қабаты бүлінуі мүмкін.
• Пісіру сөресінен ағып кеткен жеміс шырыны кетпейтін дақ
қалдырады. Аса сұйық қоспадан жасалған торттарды терең
сөрені қолданып пісіріңіз.
8 Қауіпсіздікке қатысты ақпарат










